Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаевқа арнау
Ақиық ақынға арнау
Ақиығым, ақыным, мұзбалағым,
Қарға жүрді қасыңда, құзда да мың.
Шарасыздан шайтанның "у"-ын ішіп,
Ыза кернеп ішіңді, тұз жаладың.
Сағыныштың исі аңқып хаттарыңнан,
Ішіңдегі бар сырың ақтарылған.
Поэзияның патшасы өзің ғана,
Өлең жазып дертінен тəтті арылған.
Қазіргінің шимайы далбаса тым,
Іліп алар өлең жоқ, жармасатын.
Сен қалдырған із де жоқ, сарын да жоқ,
Таңырқайтын тамсанып, таңдасатын.
Фариза жоқ, Фариза қыз жоқ қазір,
Өздеріңдей ақын жоқ ау топта əзір.
Қара басын ойлаған көп ақындар,
Дұшпанының жүр алдында боп уəзір.
Қиындықта қысады қос бүйірден,
Мезі болдым өмірден, бос түйіннен.
Сен қалдырған жырменен сырлас болдым,
Айырмасын ақыным, дос күйіңнен.
Архивтерде шаң-шаң болып қалмадың,
Орындалды-ау, шүкір, аға, арманың.
Тіршілікте міңгізбеген бір атты,
Халқың отыр жыр сүйетін залда мың.
Өкпелісің, ренішің де бар шығар,
Шəміл қайда, сыр шертетін, һəл сұрар?
Өзің жайлы том-том кітап жазайын,
Сабыр берші, мына өмірге сəл шыдар.
Білгің келсе айтайын, сұра тағы,
Ақындықсыз мына таң құр атады.
Сенің жазған əр сөзің рас-ау сірə,
"Мына өмір шыдамдыны ұнатады"...
Мен ұлыңмын, өзіңе сыр ақтарған,
Шаршап жүрген өмірлік сынақтардан.
Қайта оралшы, қазаққа ақын керек,
Қайтармайды алғанын бірақ та Аллам...
Ақиығым, ақыным, мұзбалағым,
Қарға жүрді қасыңда, құзда да мың.
Шарасыздан шайтанның "у"-ын ішіп,
Ыза кернеп ішіңді, тұз жаладың.
Сағыныштың исі аңқып хаттарыңнан,
Ішіңдегі бар сырың ақтарылған.
Поэзияның патшасы өзің ғана,
Өлең жазып дертінен тəтті арылған.
Қазіргінің шимайы далбаса тым,
Іліп алар өлең жоқ, жармасатын.
Сен қалдырған із де жоқ, сарын да жоқ,
Таңырқайтын тамсанып, таңдасатын.
Фариза жоқ, Фариза қыз жоқ қазір,
Өздеріңдей ақын жоқ ау топта əзір.
Қара басын ойлаған көп ақындар,
Дұшпанының жүр алдында боп уəзір.
Қиындықта қысады қос бүйірден,
Мезі болдым өмірден, бос түйіннен.
Сен қалдырған жырменен сырлас болдым,
Айырмасын ақыным, дос күйіңнен.
Архивтерде шаң-шаң болып қалмадың,
Орындалды-ау, шүкір, аға, арманың.
Тіршілікте міңгізбеген бір атты,
Халқың отыр жыр сүйетін залда мың.
Өкпелісің, ренішің де бар шығар,
Шəміл қайда, сыр шертетін, һəл сұрар?
Өзің жайлы том-том кітап жазайын,
Сабыр берші, мына өмірге сəл шыдар.
Білгің келсе айтайын, сұра тағы,
Ақындықсыз мына таң құр атады.
Сенің жазған əр сөзің рас-ау сірə,
"Мына өмір шыдамдыны ұнатады"...
Мен ұлыңмын, өзіңе сыр ақтарған,
Шаршап жүрген өмірлік сынақтардан.
Қайта оралшы, қазаққа ақын керек,
Қайтармайды алғанын бірақ та Аллам...
Автор: Жұман Бектас
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Шаттық қайда, ән қайда аласұрған)
» Өлең: Мұқағали Мақатаевқа арнау
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Дүние сұлық)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Әйелге деген махаббат)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Сен үшін сонау алыстардағы елес ем)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Шаттық қайда, ән қайда аласұрған)
» Өлең: Мұқағали Мақатаевқа арнау
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Дүние сұлық)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Әйелге деген махаббат)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Сен үшін сонау алыстардағы елес ем)
Іздеп көріңіз: