Өлең: Туған менің ауылым

Өлең: Туған менің ауылым

Бала кезден ақшәулімде өстік біздер
сағынамын еске түссе сол бір күндер,
ауылымның ауа райы керемет қой
таза ауасы деміңді алсаң бір сергітер.

Анамыз да сыйыр сауды қора жақта
мал біткеннің бәрі кетті өріс жаққа,
малдың бәрін айдап салып өріске біз
анамыздың шәйін іштік ас үй жақта.

Сүт тартады анам тағы қолменен
сүт тартқышты жинап өзі жайменен,
сүтті құйып айландырып бастайды
біздер тұрдық қаймақ тосып нанменен.

Анамның ол құрттары қолмен өзі жасаған
дәмі неткен қазір ойлап тамсанам,
казіргі құрт жасанды ғой дәмі жоқ
таппайсың сен анаңның құртындай ешқашан.

Ойын қуып біздер тағы кетеміз
аяқ қолды жарып бәрін кесеміз,
шыбық атқа мініп алып шапқылап
қарын ашып шаршағанда келеміз.

Біраз өсіп ес жиған соң өзіңде
қол қанатсың өзің әке шешеңе,
малда бағып шөпті шауып бір өзің
шыңдаласын мынау өзің өмірге.

Шалғы тартып шөпте шауып үйрендік
Ақшәулімде отау құрып үйлендік,
жұмыс істеп ақшәулімде бәріміз
уайымсыз шаттық өмір біз кештік.

Көшіп келдік мынау тағы қалаға
сыйыр түгіл қораң да жоқ аулада,
құнары жоқ сүт ішесін айран мен
ауылымды аңсаймын мен арманда.

Шіркін менің бала кезім ауылда өскен
тұсауымды әке шешем сонда кескен,
асыр салып ақшәулімде өстім менде
балалық шақ шығар мекен мынау естен.

Бала кезден ауылда өскен күндерім
қызықты да думанды өткен түндерім,
ауылымды есіме алсам қазір мен
сағыныштан езіледі мына менің жүрегім!!!

Ерік Еренғазыұлы
02.12.2018.ж.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Ерік Еренғазыұлы өлеңдері, ерик еренгазыулы олендери казакша, ақшәулімде, біздер, кезден, сыйыр, мынау, жақта, ауылымды, қазір, менің, ауылда, өскен, салып, бәрін, біткеннің, шауып, сауды, өстік, түссе, Анамыз, күндер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]