Қазақша өлең: Әбубәкір Кердері (Заманның опасыз халіне Әбубәкір молданың айтқаны)
...Жалған сөз азаматқа болды оңай,
Замана болды, халқым, әлде қалай?
Сөйлемей тілің тістеп отырмасаң,
Аузыңнан жалғыз кәләм шыққан сөзің
Кезеді бір сағатта тоқсан тоғай.
Құдайым өзі сақтап оңғармаса,
Болып тұр бұл заманда судай ылай.
Кеуледі халықты өтірік өсекпенен,
Кісі жоқ күнә қылған есеппенен.
Бенденің тілі жұмсақ, көңілі қатты,
Біреуді алдап, сулап жесек деген.
Ту алып, тұлпар мінген ерлерімді,
Тосып жүр осы күнде есекпенен.
Артылған заман болды аттан есек,
Залымның ғибадаты ұрлық-өсек.
Құлдардың азат тимес күні туды,
Аюдай ақырады құлсын десек.
Патшадан құлдар үшін тәртіп болса,
Жиналып атар едік сарсаң кесек.
Жаманның мыңы тұрмайды қара пұлға,
Жақсының бірі болады халыққа тұлға.
Шығайда бір жақсы адам іске аспаса,
Билігі мырзалардың қалды құлға.
Мысқалы мың теңгелік асыл заттар,
Барады арзан болып жылдан жылға.
Жақсыны жау да болса дұшпан тұтпа,
Жаманның басында тұр заман ақыр.
Мың қарға залал қылмас бір сұңқарға,
Он жабы сатсам жетпейді бір тұлпарға.
Жаманға жазатайым ісің түссе,
Жарамас ашылғаныңды бір қымтарға.
Шыға алмас, қиқы шықса, қыр басына,
Қоя бер от басында жүз жыртарға.
Бас қоссаң асылсызға көңіл таппас,
От-суға жабы шіркін тоймай шаппас.
Білдірер екінші күн жаман мінез,
Жалғыз күн араласып болсаң оттас.
Қасында жалғыз күндей оттас болсаң,
Дұшпанға шықпай түгел сырың қалмас...
...Ел болсаң елге керек білімді хакім,
Табады білім жетсе пұлыңды хакім.
Мал бақан шаңды аяқ нәсілсізден,
Қоясын ішіңдегі құлыңды хакім.
Үлгілі қасиеті болмаған соң,
Табылсын қай жерінен тынымды ақыл.
Хакімдер жаңа өспірім жастан болды,
Басына ұрылардың бостан болды.
Қой бағып, торсық емген топырыштар,
Бұ күнде қол жеткісіз аспан болды.
Билікке қатын барып таласады,
Себебі би болудың тастан болды.
Бұрынғы өткен билер сондай еді,
Қақ жарған қара қылды қандай еді.
Қызығып дүниеге жол айтпаған,
Ақылы жанып тұрған шамдай еді.
Демеген біреу алыс, біреу жақын,
Өкшесі аумайтұғын тамдай еді.
Ақылды билер өткен алмайтұғын,
Халқын ерлер өткен қорғайтұғын.
Болса да өзі надан, көңілі ақ,
Пайдадан осы жері қалмайтұғын.
Бұ күнде ондай билер көрінбейді,
Ақылын құдай үшін жолдайтұғын.
Ақылын жолдамайды құдай үшін,
Біреудің бұрылады шырайы үшін.
Әділдік екі жиһанда бірдей жақсы,
Ұжмақтың көрер, - деген, - райысын.
Дүниеде хакім болып, ғаділ болса,
Кешірер деген сөз бар күнәйісін.
Ғаділдік сипаты еді бір алланың,
Билерім ғаділ болып тұра алмадың.
Он тиін жан қалтаңа пара кірсе,
Фақырға һеш шафағат қыла алмадың.
Нашарды ақта болса дұшпан тұтар,
Шырайын фақырлардың шығармадың.
...Айтады білген сөзін Әбубәкір,
Барасың кішірейіп қазақ пақыр.
Жаман қалып, жақсының еті қызар,
Алаштап қырға шық та, ұран шақыр.
Қор болды бұл заманда алты нәрсе,
Нанарсың айтқаныма көзің көрсе.
Әуелі қор болғанның бірі билік,
Тұрады қатындарда ақша берсе.
Айтатұғын жалғыз ауыз ақылы жоқ,
Жүгініп екі кісі қатар келсе.
Қор болған екіншіде сопы жолы,
Бұл жолды ұстаушы еді ердің зоры.
Әліптің атын білмес надан сопы,
Қорқамын бола ма деп дінің соры?
Сопалық Қап тауынан биік еді,
Теп-тегіс жетіп кетті жұртың қолы.
Қор болған үшіншіде шекер мен шай,
Хан, төре ішуші еді мырза мен бай.
Бұ күнде қатын-калаш, пақыр-малай,
Мырзамен қатар ішті дәулеті сай.
Басына асылдардың кемдік жетіп
Арзандап кетті білем бәрінен шай.
Қор болған төртіншеден кебіс-мәсі,
Киуші ед молда, қарттар толған жасы.
Бұ күнде ишан менен молда аяқ,
Ұрылар киіп кетті халыққа ғасы.
Қоймады онан алып қатын киді,
Құрыды соныменен кеміп бәсі.
Қор болған бесіншіде сұлтан, төре,
Көрген жан тұрушы еді аяқ өре.
Бір адам сұлтанмын деп елге келсе,
Ат беріп барушы еді жүзін көре.
Бұ, күнде әр қазақтың қолында жүр,
Жібектің жыртығындай тозған көне...
Қор болған алтыншыда рас ақыл,
Халық жүр рас сөзден болып қапыл.
Білмейді сөз фаһамин бағзы надан,
Дұрыс сөз бенде түгіл, халыққа мақұл.
Халалдық хақ жолдасы деген дейін,
Бенделер жалған айтқан болар пақыр.
Бұл күнде шоң асылдың базары жоқ,
Жүйректен мәстек озды қамытқа тоқ.
Қартайды батырларым ашу жайлап,
Дұшпанға қылыш сілтеп кезеген оқ.
Аузыңмен құс тістеген биде болсаң
Басыңнан бақыт тайса тарқайды топ.
Жігіттің аты шықпайды, бақ қонбаса,
Кім қонар сай-салаға от болмаса.
Басады ерді қайғы топырақтай,
Мал, перзент, денсаулығы шат болмаса.
Осылар тегіс болса орын табар,
Ере бер қасиеті жоқ болмаса.
Би болмас білені елге жарамаса,
Фақірді, міскінменен жараласа.
Халалдің, харамменен шегін ашып,
Несі би, ғаділ тұрып қарамаса.
Ер жетпес мұратына талпынғанмен,
Әзелде бір тәңірісі қаламаса.
Би болмас белін жалпақ буғанменен,
Ағармас асылы арам жуғанменен.
Байқасаң ажар басқа, ақыл басқа,
Пайда жоқ құр әдемі туғанменен.
Дос болмас сыртта жүріп мақтамаса,
Бір-бірін жамандықтан сақтамаса.
Бүгін тату болса да ертең араз,
Достығы бүгінгінің тап-тамаша.
Бір-бірін қорықса сыйлайды бүгінгі адам,
Түсінер бұ сөзіме білімді адам.
Тілеуінің біреуі от, біреуі су,
Сөйледің екі түрлі тіліңді адам.
Тілі екеудің діні екеу деген сөз бар,
Аңдамай бұзып алма дініңді адам.
Дау менен ер талабы сауда болды,
Түйеміз қатар-қатар арба болды.
Тар шалбар, қынамалы бешпет киіп,
Алхамды шала білген молда болды.
Шаруа тамылжыған қазақ еді,
Мынау іс байқап тұрсам сорға болды.
Тар шалбар, бешпет шықты қынамалы,
Жігітке шапан киген ұнамады.
Сары жез самауыры тағы шықты,
Машина шүмегі бар бұрамалы.
Төсектен ерте тұрып бас ауырса,
Бөтен ем шайдан басқа сұрамады.
Сол болды ауруының жаққан емі,
Халықтың бәрекелді тапқан емі.
Бір сиыр, бір мәстегі бар да болса,
Асылы есінде жоқ малдың кемі.
Кәсіп жоқ, харекет жоқ осы күнде,
Тозуға жақындада жұрттың көбі.
Қазақ жоқ бұ хайлаға алдырмаған,
Пары өгіз, майсыз арба салдырмаған.
Балшық үй бастың қамын салып, салып,
Қатынды бала менен тоңдырмаған.
Патшаға қызмет қылдық жолға кіріп,
Бұ қазақ жуасыды қолға кіріп.
Бұрынғы надандықты жерге тастап,
Түзелді осы күнде ғылым біліп.
Ойласам бұ дүниенің түбі жалған,
Болған соң не шара бар хақтан фәрман.
Әбубәкір тәжірибе үшін сөз шығарды,
Қай күнде жүйрік едім сөйлей қалған.
Замана жылдан жылға түрлі болды,
Күн болды қарағай басын шортан шалған.
Бақа би қалған көлге деген болып,
Біздерге әркімдерден көзін салған.
Көп сөзден азғана фәһәм деген дейін,
Кеңесім осылайша тәмәм болған.
Замана болды, халқым, әлде қалай?
Сөйлемей тілің тістеп отырмасаң,
Аузыңнан жалғыз кәләм шыққан сөзің
Кезеді бір сағатта тоқсан тоғай.
Құдайым өзі сақтап оңғармаса,
Болып тұр бұл заманда судай ылай.
Кеуледі халықты өтірік өсекпенен,
Кісі жоқ күнә қылған есеппенен.
Бенденің тілі жұмсақ, көңілі қатты,
Біреуді алдап, сулап жесек деген.
Ту алып, тұлпар мінген ерлерімді,
Тосып жүр осы күнде есекпенен.
Артылған заман болды аттан есек,
Залымның ғибадаты ұрлық-өсек.
Құлдардың азат тимес күні туды,
Аюдай ақырады құлсын десек.
Патшадан құлдар үшін тәртіп болса,
Жиналып атар едік сарсаң кесек.
Жаманның мыңы тұрмайды қара пұлға,
Жақсының бірі болады халыққа тұлға.
Шығайда бір жақсы адам іске аспаса,
Билігі мырзалардың қалды құлға.
Мысқалы мың теңгелік асыл заттар,
Барады арзан болып жылдан жылға.
Жақсыны жау да болса дұшпан тұтпа,
Жаманның басында тұр заман ақыр.
Мың қарға залал қылмас бір сұңқарға,
Он жабы сатсам жетпейді бір тұлпарға.
Жаманға жазатайым ісің түссе,
Жарамас ашылғаныңды бір қымтарға.
Шыға алмас, қиқы шықса, қыр басына,
Қоя бер от басында жүз жыртарға.
Бас қоссаң асылсызға көңіл таппас,
От-суға жабы шіркін тоймай шаппас.
Білдірер екінші күн жаман мінез,
Жалғыз күн араласып болсаң оттас.
Қасында жалғыз күндей оттас болсаң,
Дұшпанға шықпай түгел сырың қалмас...
...Ел болсаң елге керек білімді хакім,
Табады білім жетсе пұлыңды хакім.
Мал бақан шаңды аяқ нәсілсізден,
Қоясын ішіңдегі құлыңды хакім.
Үлгілі қасиеті болмаған соң,
Табылсын қай жерінен тынымды ақыл.
Хакімдер жаңа өспірім жастан болды,
Басына ұрылардың бостан болды.
Қой бағып, торсық емген топырыштар,
Бұ күнде қол жеткісіз аспан болды.
Билікке қатын барып таласады,
Себебі би болудың тастан болды.
Бұрынғы өткен билер сондай еді,
Қақ жарған қара қылды қандай еді.
Қызығып дүниеге жол айтпаған,
Ақылы жанып тұрған шамдай еді.
Демеген біреу алыс, біреу жақын,
Өкшесі аумайтұғын тамдай еді.
Ақылды билер өткен алмайтұғын,
Халқын ерлер өткен қорғайтұғын.
Болса да өзі надан, көңілі ақ,
Пайдадан осы жері қалмайтұғын.
Бұ күнде ондай билер көрінбейді,
Ақылын құдай үшін жолдайтұғын.
Ақылын жолдамайды құдай үшін,
Біреудің бұрылады шырайы үшін.
Әділдік екі жиһанда бірдей жақсы,
Ұжмақтың көрер, - деген, - райысын.
Дүниеде хакім болып, ғаділ болса,
Кешірер деген сөз бар күнәйісін.
Ғаділдік сипаты еді бір алланың,
Билерім ғаділ болып тұра алмадың.
Он тиін жан қалтаңа пара кірсе,
Фақырға һеш шафағат қыла алмадың.
Нашарды ақта болса дұшпан тұтар,
Шырайын фақырлардың шығармадың.
...Айтады білген сөзін Әбубәкір,
Барасың кішірейіп қазақ пақыр.
Жаман қалып, жақсының еті қызар,
Алаштап қырға шық та, ұран шақыр.
Қор болды бұл заманда алты нәрсе,
Нанарсың айтқаныма көзің көрсе.
Әуелі қор болғанның бірі билік,
Тұрады қатындарда ақша берсе.
Айтатұғын жалғыз ауыз ақылы жоқ,
Жүгініп екі кісі қатар келсе.
Қор болған екіншіде сопы жолы,
Бұл жолды ұстаушы еді ердің зоры.
Әліптің атын білмес надан сопы,
Қорқамын бола ма деп дінің соры?
Сопалық Қап тауынан биік еді,
Теп-тегіс жетіп кетті жұртың қолы.
Қор болған үшіншіде шекер мен шай,
Хан, төре ішуші еді мырза мен бай.
Бұ күнде қатын-калаш, пақыр-малай,
Мырзамен қатар ішті дәулеті сай.
Басына асылдардың кемдік жетіп
Арзандап кетті білем бәрінен шай.
Қор болған төртіншеден кебіс-мәсі,
Киуші ед молда, қарттар толған жасы.
Бұ күнде ишан менен молда аяқ,
Ұрылар киіп кетті халыққа ғасы.
Қоймады онан алып қатын киді,
Құрыды соныменен кеміп бәсі.
Қор болған бесіншіде сұлтан, төре,
Көрген жан тұрушы еді аяқ өре.
Бір адам сұлтанмын деп елге келсе,
Ат беріп барушы еді жүзін көре.
Бұ, күнде әр қазақтың қолында жүр,
Жібектің жыртығындай тозған көне...
Қор болған алтыншыда рас ақыл,
Халық жүр рас сөзден болып қапыл.
Білмейді сөз фаһамин бағзы надан,
Дұрыс сөз бенде түгіл, халыққа мақұл.
Халалдық хақ жолдасы деген дейін,
Бенделер жалған айтқан болар пақыр.
Бұл күнде шоң асылдың базары жоқ,
Жүйректен мәстек озды қамытқа тоқ.
Қартайды батырларым ашу жайлап,
Дұшпанға қылыш сілтеп кезеген оқ.
Аузыңмен құс тістеген биде болсаң
Басыңнан бақыт тайса тарқайды топ.
Жігіттің аты шықпайды, бақ қонбаса,
Кім қонар сай-салаға от болмаса.
Басады ерді қайғы топырақтай,
Мал, перзент, денсаулығы шат болмаса.
Осылар тегіс болса орын табар,
Ере бер қасиеті жоқ болмаса.
Би болмас білені елге жарамаса,
Фақірді, міскінменен жараласа.
Халалдің, харамменен шегін ашып,
Несі би, ғаділ тұрып қарамаса.
Ер жетпес мұратына талпынғанмен,
Әзелде бір тәңірісі қаламаса.
Би болмас белін жалпақ буғанменен,
Ағармас асылы арам жуғанменен.
Байқасаң ажар басқа, ақыл басқа,
Пайда жоқ құр әдемі туғанменен.
Дос болмас сыртта жүріп мақтамаса,
Бір-бірін жамандықтан сақтамаса.
Бүгін тату болса да ертең араз,
Достығы бүгінгінің тап-тамаша.
Бір-бірін қорықса сыйлайды бүгінгі адам,
Түсінер бұ сөзіме білімді адам.
Тілеуінің біреуі от, біреуі су,
Сөйледің екі түрлі тіліңді адам.
Тілі екеудің діні екеу деген сөз бар,
Аңдамай бұзып алма дініңді адам.
Дау менен ер талабы сауда болды,
Түйеміз қатар-қатар арба болды.
Тар шалбар, қынамалы бешпет киіп,
Алхамды шала білген молда болды.
Шаруа тамылжыған қазақ еді,
Мынау іс байқап тұрсам сорға болды.
Тар шалбар, бешпет шықты қынамалы,
Жігітке шапан киген ұнамады.
Сары жез самауыры тағы шықты,
Машина шүмегі бар бұрамалы.
Төсектен ерте тұрып бас ауырса,
Бөтен ем шайдан басқа сұрамады.
Сол болды ауруының жаққан емі,
Халықтың бәрекелді тапқан емі.
Бір сиыр, бір мәстегі бар да болса,
Асылы есінде жоқ малдың кемі.
Кәсіп жоқ, харекет жоқ осы күнде,
Тозуға жақындада жұрттың көбі.
Қазақ жоқ бұ хайлаға алдырмаған,
Пары өгіз, майсыз арба салдырмаған.
Балшық үй бастың қамын салып, салып,
Қатынды бала менен тоңдырмаған.
Патшаға қызмет қылдық жолға кіріп,
Бұ қазақ жуасыды қолға кіріп.
Бұрынғы надандықты жерге тастап,
Түзелді осы күнде ғылым біліп.
Ойласам бұ дүниенің түбі жалған,
Болған соң не шара бар хақтан фәрман.
Әбубәкір тәжірибе үшін сөз шығарды,
Қай күнде жүйрік едім сөйлей қалған.
Замана жылдан жылға түрлі болды,
Күн болды қарағай басын шортан шалған.
Бақа би қалған көлге деген болып,
Біздерге әркімдерден көзін салған.
Көп сөзден азғана фәһәм деген дейін,
Кеңесім осылайша тәмәм болған.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Әбубәкір Кердері (Өткен еміншілік заманды Әбубәкір молданың жоқтап айтқан толғауы)
» Қазақша өлең: Нұржан Наушабайұлы (Заманның қалпына айтылған сөздер)
» Қазақша өлең: Әбубәкір Кердері (Әбубәкір молданың сырқау болып жатқанда айтқаны)
» Қазақша өлең: Әбубәкір Кердері (Байлар хақында айтқаны)
» Қазақша өлең: Әбубәкір Кердері (Қазағым, қапыл болмаңыз)
» Қазақша өлең: Әбубәкір Кердері (Өткен еміншілік заманды Әбубәкір молданың жоқтап айтқан толғауы)
» Қазақша өлең: Нұржан Наушабайұлы (Заманның қалпына айтылған сөздер)
» Қазақша өлең: Әбубәкір Кердері (Әбубәкір молданың сырқау болып жатқанда айтқаны)
» Қазақша өлең: Әбубәкір Кердері (Байлар хақында айтқаны)
» Қазақша өлең: Әбубәкір Кердері (Қазағым, қапыл болмаңыз)
Іздеп көріңіз: