Қазақша өлең: Әбу Сәрсенбаев (Ескерткіш)

Қазақша өлең: Әбу Сәрсенбаев (Ескерткіш)

Советтер Одағының Батыры Мәншүк Жиенғали қызы Мәметоваға арнадым.

Кең Ресей даласымен,
Тартсаң егер күн батысқа,
Кездесесің зәулім биік,
Бір ескерткіш ақық тасқа.
Ескерткіштің төбесіне
Тізіледі жұлдыз біткен,
Кім еді бұл ардақтымыз
Бар табиғат тәжім еткен?!
Сонда соғыс жаңғырығы
Осы арада қалып қойған,
Өткен айқас бейнесі боп
Көшкен шақта алға майдан.
Сізге сырды сөйлеп беред
Кілтін бұрап шежіренің,
Бұл қан майдан қаһарманы,
Менің ерке батыр қызым.
Сонау шалғай сары арқаның
Шоқтығында көкше таудай,
Бұлаң болып бой жетті ол,
Тау шандозы ақ маралдай.
Хан Кененің қасиетті
Кезді талай үңгір тасын,
Бурабайдың бұлағына
Сала құлаш жуды шашын.
Күн батыстан қатер торлап,
Ел шетіне төнген шақта,
Қаншайымдай қайратты қыз,
Мініп асыл арғымаққа,
Ақ бөкендей жорта берді,
Ажал күткен жау қайдалап,
Арғымағы алып-ұшты,
Тарғын мінген тарландай-ақ.
Ол атойлап енген шақта,
Жау қамалын сөгілдірді.
Ат бауырынан қара қанды,
Тас бұлақтай төгілдірді.
Мая-мая қалды елік,
Қыз қылышын сермегенде,
Қос уыстап ұрттады қан,
Көкке жүрек шөлдегенде.
Жұрт сүйсініп мақтан етіп,
Дер ед "біздің батыр Науан".
Барар ед ол жалғыз өзі,
Алған шақта жау жағадан.
Көрікті еді түрі бөлек,
Қою қасты, жазық маңдай,
Қыр мұрынды, жалын көзді,
Ерлік үшін жаралғандай.
Төзбей қыздың қаһарына
Қашты дұшпан жапырыла,
Ел ардақтап белгі орнатты,
Ардың алып батырына.
Дейді соғыс жаңғырығы,
Сұрағыңа жауап беріп,
Мадақтайық қазақ қызын,
Ер Мәлікке болған серік.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
әбу сәрсенбаев Ескерткіш өлең стихи на казахском абу сарсенбаев казакша олен, әбу сәрсенбаев өлеңдері, стихи на казахском языке абу сарсенбаев, абу сарсенбаев олендери, Ескерткіш, Ескерткіш өлең олен стихи

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]