Қазақша өлең: Ақтан Керейұлы (Менің сөзім қошамет)

Қазақша өлең: Ақтан Керейұлы (Менің сөзім қошамет)

Кәріліктің белгісі –
Көңілдің қошы келмеген.
Жарлылықтың белгісі –
Жанын қинап өлмеген.
Жалғыздыктың белгісі –
Өзіне өзі сенбеген.
Палуандықтың белгісі –
Өнермен өрге өрлеген.
Сақилықтың белгісі –
Халықтың қамын көздеген.
Әкімдіктің белгісі –
Тентекті тыйып жөндеген.
Қаттылыктың белгісі –
Халықтың көңілін көрмеген.
Жамандықтың белгісі –
Қаумаға басы енбеген.
Төреліктің белгісі –
Аяғын басып жүрмеген.
Сұлулықтың белгісі –
Көргендер аңсап шөлдеген.
Жігіттіктің белгісі –
Мезгілсіз жүрген көлденең.
Екіталай болғанда,
Айқын жүйрік терлеген.
Кейбір жаман жыршылар.
Әншейінде ақтарып,
Сатып жүр жырын теңгеден.
Менің сөзім аяусыз
Аға менен жеңгеден.
Құлақ қойып тыңдасаң,
Зейін қойып тындасаң,
Менің сөзім қошамет,
Көңіліңді делбеген.
Билік пенен жыр басқа,
Өнердің түрі әр басқа,
Ортаға сөзді салайын,
Сағыңыз бізден сынбасқа.
Жігіттің қайтар базары,
Өнерін білген бұлданып,
Шығарып тұрса қымбатқа.
Арзан сөзден ала бер,
Дүния шіркін жолдас па?!
Мысал етіп толғайын,
Жаманға айтсаң бір сөзді,
Келмейді сөзің татымға.
Жаксылығың жамандық,
Үлкейіп шығад басымға.
Жақсы сөзбен жай айтып,
Мейманды үйден қашырма.
Сөйлес десе қонаққа,
Үйде отырып айқайлап,
"Не сұрайсың?" айтынба.
Барым деп берсең, ол қонақ
Риза болар шай-суға.
Түсінгенге сөздерім
Құлағына хат болар.
Түсінбейтін жаманға,
Мал қимайтын сараңға
Айтқаның мен айтпаған
Бәрі бірдей сап болар.
Кейбір, кейбір жамандар,
Мал қимайтын сараңдар
Жыршыменен қас болар.
Зәресі шығып жыршыдан,
Үндеместен тас болар.
Ақ, қараны айырған
Қағазға жазған хат болар.
Шешендерді сынаған
Тізелескен дау болар.
Ер жігітті сынаған
Қарсы шапқан жау болар.
Кейбір, кейбір жамандар
Тақылдатар таңдайын.
Қыламын деп мал жайын.
Қайдан білсін о қонақ
Ол кісінің қандайын.
Ержігігті білгесін,
Көп дәметер сауыр деп.
Қонақ іздеп қонады
Аты шыққан ауыл деп.
Көп аралап жүргесін,
Сол мінезді білгесін,
Сүйкенбейін әркімге,
"Қарап жүрген тәуір" деп.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ақтан керейұлы Менің сөзім қошамет өлең стихи на казахском актан керейулы казакша олен, ақтан керейұлы өлеңдері, стихи на казахском языке актан керейулы, актан керейулы олендери, Менің сөзім қошамет

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]