Қазақша өлең: Ақтан Керейұлы (Аяғына қан түссе)

Қазақша өлең: Ақтан Керейұлы (Аяғына қан түссе)

Аяғына қан түссе,
Айрылар жүйрік ағыннан.
Тұрасынан мертілсе,
Тұлпар қалар қарғыннан.
Көтермешің болмаса,
Топта туың жығылған.
Көмекшіңіз болмаса,
Бәйгіден атың қалынған.
Айдын көлден сән кетер,
АЙрылса қу мен қазынан.
Аспанның нұры тамбаса,
Көл қалады шабыннан.
Қонысына бақпаса,
Аруана қалар сауыннан.
Денеден артық жүк артса,
Нар да қашар ауырдан.
Бағым болып қолға өссе,
Нәндік қалар аюдан.
Парақор болып құнықса,
Әділдік қалар ханыңнан.
Оғыда байлап сенбеңіз,
Торығар көңілің залымнан.
Жасы жетіп мендесе,
Ер айрылар қарудан.
Сәні болмас бұлбұлдың
Саясыз жерге саз ұрған.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ақтан керейұлы Аяғына қан түссе өлең стихи на казахском актан керейулы казакша олен, ақтан керейұлы өлеңдері, стихи на казахском языке актан керейулы, актан керейулы олендери, Аяғына қан түссе

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]