Қазақша өлең: Ақтамберді жырау (Жағама қолдың тигенін)
Жағама қолдың тигенін,
Жалғыздық, сенен көремін.
Жамаулы киім кигенім,
Жарлылық, сенен көремін.
Атадан тудым жалқы боп,
Жақыннан көрдім талқы көп,
Жасым жетпей он беске,
Қорғайтын жан адам жоқ.
Кәрі ақсайды ақылдан,
Ер ақсайды жақыннан,
Қазір әлсіз болсам да,
Үмітім бар ақырдан.
Жасым жетіп он беске,
Кірер ме екем кеңеске,
Бұғана қатып, бел бекіп
Ерегескен дұшпанмен
Шығар күн туса күреске!
Дұшпаннан көрген қорлығым
Сары су болды жүрекке.
Он жетіде кұрсанып,
Қылыш ілдім білекке.
Жауға қарай аттандым,
Жеткіз деп, Құдай, тілекке!
Салпаң да салпаң жортармын,
Сары азбанға қосымды артармын.
Торлаусыз өскен құланмын,
Мезгілсіз жусап өрермін.
Байраққа біткен құрақпын,
Саусағым жерге түсірмен.
Жапанға біткен терекпін,
Еңсемнен жел соқса да теңселмен.
Қарағайға қарсы біткен бұтақпын,
Балталасаң да айрылман.
Сыртым құрыш, жүзім болат,
Тасқа да салсаң, майрылман!
Жалғыздық, сенен көремін.
Жамаулы киім кигенім,
Жарлылық, сенен көремін.
Атадан тудым жалқы боп,
Жақыннан көрдім талқы көп,
Жасым жетпей он беске,
Қорғайтын жан адам жоқ.
Кәрі ақсайды ақылдан,
Ер ақсайды жақыннан,
Қазір әлсіз болсам да,
Үмітім бар ақырдан.
Жасым жетіп он беске,
Кірер ме екем кеңеске,
Бұғана қатып, бел бекіп
Ерегескен дұшпанмен
Шығар күн туса күреске!
Дұшпаннан көрген қорлығым
Сары су болды жүрекке.
Он жетіде кұрсанып,
Қылыш ілдім білекке.
Жауға қарай аттандым,
Жеткіз деп, Құдай, тілекке!
Салпаң да салпаң жортармын,
Сары азбанға қосымды артармын.
Торлаусыз өскен құланмын,
Мезгілсіз жусап өрермін.
Байраққа біткен құрақпын,
Саусағым жерге түсірмен.
Жапанға біткен терекпін,
Еңсемнен жел соқса да теңселмен.
Қарағайға қарсы біткен бұтақпын,
Балталасаң да айрылман.
Сыртым құрыш, жүзім болат,
Тасқа да салсаң, майрылман!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Он бес деген жасым-ай)
» Қазақша өлең: Ақтамберді жырау (Сары аязда қата ма)
» Қазақша өлең: Ақтамберді жырау (Жағалбай деген ел болар)
» Қазақша өлең: Ақтамберді жырау (Жауға шаптым ту байлап)
» Өлең: Мұхтар Шаханов (Қарағайға қарсы біткен бұтақ)
» Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Он бес деген жасым-ай)
» Қазақша өлең: Ақтамберді жырау (Сары аязда қата ма)
» Қазақша өлең: Ақтамберді жырау (Жағалбай деген ел болар)
» Қазақша өлең: Ақтамберді жырау (Жауға шаптым ту байлап)
» Өлең: Мұхтар Шаханов (Қарағайға қарсы біткен бұтақ)
Іздеп көріңіз: