Қазақша өлең: Ақтамберді жырау (Күлдір де күлдер кісінетіп)

Қазақша өлең: Ақтамберді жырау (Күлдір де күлдер кісінетіп)

Күлдiр де күлдiр кiсiнетiп,
Күреңдi мiнер ме екенбіз,
Күдерiден бау тағып,
Ақ кiреуке киер ме екенбіз!
Жағасы алтын, жеңi жез,
Шығыршығы торғай көз
Сауыт киер ме екенбіз!
Ор қояндай жүгiнтiп,
Аш күзендей бүгiлтiп,
Жолбарыстай шұбарды
Таңдап мiнер ме екенбіз!

Сол шұбарға мiнген соң,
Қоңыраулы найза қолға алып,
Қоңыр салқын төске алып,
Қол төңкерер ме екенбіз.
Жалаулы найза жанға алып,
Жау қашырар ма екенбіз!
Тобыршықты әндiген
Толтыра тартар ма екенбіз!
Тобылғы түбi құралай,
Бытыратып атар ма екенбіз!
Жарлауға бiткен жапырақ –
Жамылсақ тоңар ма екенбіз.
Жазыққа бiткен бүлдiрген –
Сұғынсақ тояр ма екенбіз!

Тобылғы сапты қамшы алып,
Тұмар мойын ат мiнiп,
Қоныс та қарар ма екенбіз!
Ел жазылып жайлауда
Жақсылар кеңес құрғанда
Мұртымыз өрге шаншылып,
Бұрын да сөйлер ме екенбіз!

Күлдiр де күлдiр кiсiнетiп,
Күреңдi мiнер ме екенбіз
Күдерiден бау тағып,
Қамқапты киер ме екеміз?!
Өзенге бие байлатып
Төскейге орда орнатып
Төрткілдеп ошақ қаздырып
Төбел бие сойғызып
Төменде бидің кеңесін
Біз де бір құрар ма екеміз ?!
Құлаты тауға қол салып
Садақтың оқын мол салып
Бетпақтың ен бір шөлінен
Төтелеп жүріп жол салып
Қолды бір бастар ма екеміз?!
Майданда дабыл қақтырып
Ерлердің жолын аштырып
Атасы басқа қалмақты
Жұртынан шауып бостырып
Тәйедегі наршасын
Әлпештеген ханшасын
Ат артына мінгізіп
Тегін бір олжа қылар ма екеміз?!

Кеуде бір жерді жол қылсам
Шөлең бір жерді көл қылсам
Құрап жанды көп жиып
Өз алдына ел қылсам!
Асқар бір тауды жайласам
Желілеп бие байласам
Күнде жиын, күнде той
Қыз- бозбала ойнатсам
Тентегін түзеп байқа деп
Ішінен биді сайлатсам
Ғалым бір құлдай киінсе
Көркемін көрген сүйінсе
Атымтай жомарт секілді
Атағым жұртқа білінсе!
Өзім бір бөлек жайласам
Жігіттен н?кер сайласам
Ойпақ жерге он отау
Қырақ жерге қырық тігіп
Қонағымды жайғасам!
Пышақтан малым кетпесе
Қазаным оттан түспесе
Ауылдан топыр үзілмей
Ошақтың оты өшпесе
Май жемесе қонағым
Қан жемесе барағым
Он кісіге жараса
Бір кісіге арнап тартқан табағым!
Халыққа атым білініп
Шүлеңгір мырза атанар ма екенбіз?
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ақтамберді сарыұлы жырау Күлдір де күлдер кісінетіп өлең стихи на казахском актамберды сарыулы жырау казакша олен, ақтамберді сарыұлы жырау өлеңдері сайты, стихи на казахском языке актамберды сарыулы жырау, актамберды жырау казакша олендер, Күлдір де күлдер кісінетіп

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]