Қазақша өлең: Ақан Сері Қорамсаұлы (Жайықтың ақ түлкісі аралдағы)
Жайықтың ақ түлкісі аралдағы,
Алдымнан сен бір қашқан марал - дағы.
Қараймын томағамды ашып - жауып,
Тауыңның ақиықшы Оралдағы.
Ертістің құба талы секілденіп,
Алдымнан майысып шық бұрал - дағы.
Жаудырап екі көзің отырасың,
Тұндырған шай секілді құмандағы.
Көзіме мұнарланып көрінесің,
Түлкідей тұра қашқан тұмандағы.
Сен болсаң ал - қызыл гүл, асыл еркем,
Мен бұлбұл сайрап тұрған иран бағы.
Құрбыңа назарыңды бір салмайсың,
Кер тағы сияқтанып құландағы,
Қалқыған дариядағы сен бір кеме,
Ішінде бір шам - шырақ бұрандалы.
Қайратпен қаhарманша бекінсең де,
Тәуекел майданында тұрам - дағы.
Жайықтың сіз қоңыр қаз қырындағы,
Біз сұңқар, сізге тиген ұрымдағы.
Барып ем ілейін деп суға түсті,
Қаз екен дарияның сыртындағы.
Болмаса ақ тұйғынның балапаны,
Қай құстар іле алмаған бұрын - дағы.
Сен болсаң адамзаттың асылысың,
Біз қанжар алтындаған қыныңдағы.
Ұнаса көңіліңе перизатым,
Жүре бер беліңе алып буын - дағы.
Алдымнан сен бір қашқан марал - дағы.
Қараймын томағамды ашып - жауып,
Тауыңның ақиықшы Оралдағы.
Ертістің құба талы секілденіп,
Алдымнан майысып шық бұрал - дағы.
Жаудырап екі көзің отырасың,
Тұндырған шай секілді құмандағы.
Көзіме мұнарланып көрінесің,
Түлкідей тұра қашқан тұмандағы.
Сен болсаң ал - қызыл гүл, асыл еркем,
Мен бұлбұл сайрап тұрған иран бағы.
Құрбыңа назарыңды бір салмайсың,
Кер тағы сияқтанып құландағы,
Қалқыған дариядағы сен бір кеме,
Ішінде бір шам - шырақ бұрандалы.
Қайратпен қаhарманша бекінсең де,
Тәуекел майданында тұрам - дағы.
Жайықтың сіз қоңыр қаз қырындағы,
Біз сұңқар, сізге тиген ұрымдағы.
Барып ем ілейін деп суға түсті,
Қаз екен дарияның сыртындағы.
Болмаса ақ тұйғынның балапаны,
Қай құстар іле алмаған бұрын - дағы.
Сен болсаң адамзаттың асылысың,
Біз қанжар алтындаған қыныңдағы.
Ұнаса көңіліңе перизатым,
Жүре бер беліңе алып буын - дағы.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Ақан Сері Қорамсаұлы (Сүйген қалқа)
» Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Ақ Жайықтың айдыны)
» Өлең: Махамбет Өтемісұлы (Жайықтың бойы көк шалғын)
» Өлең: Жігіт пен қыздың жұмбақ айтысы (Қазақ ауыз әдебиеті)
» Қазақша өлең: Ақан Сері Қорамсаұлы (Сүйген жардан айрылдым)
» Қазақша өлең: Ақан Сері Қорамсаұлы (Сүйген қалқа)
» Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Ақ Жайықтың айдыны)
» Өлең: Махамбет Өтемісұлы (Жайықтың бойы көк шалғын)
» Өлең: Жігіт пен қыздың жұмбақ айтысы (Қазақ ауыз әдебиеті)
» Қазақша өлең: Ақан Сері Қорамсаұлы (Сүйген жардан айрылдым)
Іздеп көріңіз: