Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Көгалды алаң)

Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Көгалды алаң)

Көгалды алаң. Сүт сәуле қырды басқан,
біз отырмыз жанардан арман ұшып.
Еленбейтін бұрынғы жұлдыз, аспан -
бәріне таңданысып.
Теңесем де өзіңді жасықтармен,
бір батылдық көруді аңсап едім.
Кеткім келген кісі боп асыққанмен,
жібермей қалса дедім.
Батылдық па күтпеген, жүрек пе із?;і
сені маған жіберген сүйікті етіп?
Менің балғын денемді дір еткізді
қолдарың тиіп кетіп.
Құшақтадың. Соны аңсап бір тынбап ем
(бір бұлқыныс басталды іште керім),
ашуланған кісі боп бұлқынғанмен,
құшақтай түссе дедім.
Адам деген бақыттан тұншығады, ә,
шырын сәтте бойында қан тасыған.
Біздер жаққа қарауға қымсына ма -
ай жатыр шалқасынан.
Қызыққандай біздерге дала мына,
бара жатты құбылып шалғын-кілем.
Сонда сенің тұп-тұнық жанарыңа
тұтқын боп қалдым білем...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
фариза оңғарсынова Көгалды алаң өлең стихи на казахском фариза онгарсынова казакша олен, фариза оңғарсынова өлеңдері сайты, стихи на казахском языке фариза онгарсынова, фариза онгарсынова олендери, фариза оңғарсынова өлеңі, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза оңғарсынова өлеңдер, фариза онгарсынова стихи, фариза онгарсынова стихи на казахском языке, фариза унгарсынова стихи на казахском, Көгалды алаң

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]