Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Дей алмаймын "жиынның жұлдызымын")

Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Дей алмаймын "жиынның жұлдызымын")

Дей алмаймын "жиынның жұлдызымын",
Қуып жүрген бір жанмын жыр қызығын.
Сезім нәзік, ой жүйрік, кейде кекшіл,
кейде жарқын қазақтың бір қызымын.
Сырт адамға сыр бермес жұмбақтаумын,
достарыма аяулы қырмызымын.
Бозбаланы көргеннен ғашық қылған,
естісем деп лебізін асықтырған,
мақтана алман, менде ол қылық та жоқ,
бұған бірақ қымсынып, жасып тұрман.
Жігіттерге өзім де қызықпаймын
көре сала құшағын ашып тұрған.
Жетелейді жанымды арман-ағын,
жолдастарды мақсатпен таңдамадым.
Бүгін жақын, ертең жат адамдардың
мінезіне, мәніне таң қаламын.
Онсыз да өмір құбылғыш,
сезім де оңса,
онда сенің адамдық бар ма мәнің?!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
фариза оңғарсынова Дей алмаймын жиынның жұлдызымын өлең стихи на казахском фариза онгарсынова казакша олен, фариза оңғарсынова өлеңдері сайты, стихи на казахском языке фариза онгарсынова, фариза онгарсынова олендери, фариза оңғарсынова өлеңі, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза оңғарсынова өлеңдер, фариза онгарсынова стихи, фариза онгарсынова стихи на казахском языке, фариза унгарсынова стихи на казахском, Дей алмаймын жиынның жұлдызымын

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]