Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Мен тағы да ғашықпын)
Мен тағы да ғашықпын! Мына Құдай
жүрсін дей ме ғұмырда мұңы арылмай,
сезіну мен сезуден жосаланған
жүрегімді келеді сынап ұдай.
Күйіп-жанып, қуанып көрінгенге,
түсімнен де шошынып, өңімнен де,
жануменен, сөнумен жанұіпырйп
өтіп жатыр, әйтеуір, өмір менде.
Ауру қылған арылсам ой-мұрадан,
тыныштығын тосардай тойлы ғалам,
періштедей пәк тірлік кешсем деп ем -
бей-жайлықты бұйыртпай қойды маған.
Жай отымен жаншылған ертең едім,
айналғандай ертеңге көркем егін.
Баяғыдай ғашық боп тұрмын бүгін.
Енді қайттім?
Тағы да өртенемін!
жүрсін дей ме ғұмырда мұңы арылмай,
сезіну мен сезуден жосаланған
жүрегімді келеді сынап ұдай.
Күйіп-жанып, қуанып көрінгенге,
түсімнен де шошынып, өңімнен де,
жануменен, сөнумен жанұіпырйп
өтіп жатыр, әйтеуір, өмір менде.
Ауру қылған арылсам ой-мұрадан,
тыныштығын тосардай тойлы ғалам,
періштедей пәк тірлік кешсем деп ем -
бей-жайлықты бұйыртпай қойды маған.
Жай отымен жаншылған ертең едім,
айналғандай ертеңге көркем егін.
Баяғыдай ғашық боп тұрмын бүгін.
Енді қайттім?
Тағы да өртенемін!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Өлең: Фариза Оңғарсынова (Махаббатты сезіну)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Бір-ақ жайды, әйтеуір, білдім бүгін)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Дей алмаймын "жиынның жұлдызымын")
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Мен өзімнің жауларымды өле қал деп ешқашан қарғамаймын)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Мына Жердің күшін-ай)

Іздеп көріңіз: