Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Шаттану)

Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Шаттану)

Сай-саладан шаттық пен күлкі ағылып,
сыңғыр қағып бұлақтар, қырқа жібіп,
"Қыстың сызы қалмаған жазғытұрым"
келді міне бізге де гүл тағынып.
Жайнады аспан көзіндей келіншектің,
көкірегін қымтаған бұлт арылып,
қыз-көңілде әуендей шырқады үміт.
Шаршаулы едім, келдің бе, нұр көктемім!
Гүл-шарқатқа орадың қыр бөктерін.
Шуағыңа анамның көңіліндей
малынғанда қиялым жүрдек менің.
Көктеменің арайлы таңы атқанда
көрдім талай жанардан мұң кеткенін,
көңілдерді қайта бір гүлдеткенін.
Ағытқандай кеудеден жыр бұлағын,
шалқып-тасып шаттықтан тұрды жаным.
Жүр даланы еңбекпен дүбірлетіп
ақ білегін сыбанған құрбыларым-
Міне менің елімнің арулары
көмейінен төгетін бұлбұл әнін!
Шаттық шуақ тарайды бүгін менен,
қызыққан жат қарайды дірілменен.
Ақ жаулықты әжелер барады әне
немересін жетелеп күлімдеген.
Жел өтінде - қазақтың қең даласы,
сен не деген көнбіс ең, ғұмырлы ел ең -
талай қиқу көрсе де түңілмеген.
Ана көңіл ақпейіл дала-мұрам
үміт-ұшқын шашырап жанарынан...
бабалардың айбынды дүбіріндей
өрен ұрпақ әлемге салады ұран...
Көңілдер де шарықтап шартарапқа,
қияларга самғады бала қыран.
Буындары бусанып кәрі жердің,
анасына күлімдеп қарады ұлан.
...Кернер ме екен әлемді жаңа бір ән?!.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
фариза оңғарсынова Шаттану өлең стихи на казахском фариза онгарсынова казакша олен, фариза оңғарсынова өлеңдері сайты, стихи на казахском языке фариза онгарсынова, фариза онгарсынова олендери, фариза оңғарсынова өлеңі, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза оңғарсынова өлеңдер, фариза онгарсынова стихи, фариза онгарсынова стихи на казахском языке, фариза унгарсынова стихи на казахском, Шаттану

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]