Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Өзіңе өкпелегенім - мұңданып төккен өлеңім)
![Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Өзіңе өкпелегенім - мұңданып төккен өлеңім)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2016-01/1453049727_1kdvqzirpqg.jpg)
Өзіңе өкпелегенім -
мұңданып төккен өлеңім;
соншалық ашуланғаным -
жаныммен ашынғандағы үн;
қалғандай құрғап тамағым -
тіс жарып тіл қатпағаным;
сіміріп сағыныш зарын,
өзің деп алып-ұшқаным;
шайғандай тұнық бір ағын,
өкпені ұмыттырарың -
бәрін де татып келемін.
.. .Осы екен бақыт дегенің!
мұңданып төккен өлеңім;
соншалық ашуланғаным -
жаныммен ашынғандағы үн;
қалғандай құрғап тамағым -
тіс жарып тіл қатпағаным;
сіміріп сағыныш зарын,
өзің деп алып-ұшқаным;
шайғандай тұнық бір ағын,
өкпені ұмыттырарың -
бәрін де татып келемін.
.. .Осы екен бақыт дегенің!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: