Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Қателескен екенмін. Бір-ақ рет)
Қателескен екенмін. Бір-ақ рет.
Өкініштен өртен де жыла, жүрек.
Әр қадамды мысықша аңдамаппын,
айыптаңдар, қайтемін, кінәлі деп.
Өкпелеңдер бұлалау қылығыма,
қондырмаңдар талпынған тұғырыма.
Бұның бәрі түк емес, ал өзімнің
өкінішім жетеді ғұмырыма.
Кінәм жоқ деп ақиқат қарғанбасым,
сыздатып тұр жүректі ар - қорғасын.
... Қателесу керек те шығар мүмкін,
кешіре алар бір жандар бар болғасын.
Өкініштен өртен де жыла, жүрек.
Әр қадамды мысықша аңдамаппын,
айыптаңдар, қайтемін, кінәлі деп.
Өкпелеңдер бұлалау қылығыма,
қондырмаңдар талпынған тұғырыма.
Бұның бәрі түк емес, ал өзімнің
өкінішім жетеді ғұмырыма.
Кінәм жоқ деп ақиқат қарғанбасым,
сыздатып тұр жүректі ар - қорғасын.
... Қателесу керек те шығар мүмкін,
кешіре алар бір жандар бар болғасын.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Лүпілдей соқты жас жүрек)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Жанталасып мені шын ұмытсам деп жүрсің сен)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Сағына түссін дедің бе)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Қадалып, іштей тамсана)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Қызғанып қалма, жаным, сен)

Іздеп көріңіз: