Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Білмейсің бе, қарағым)

Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Білмейсің бе, қарағым)

Білмейсің бе, қарағым,
менің мінез-құлқымды?
Осы күймен қаламын,
бола берсін "біртүрлі".
Екі өлшеммен шектелем,
айыптасын көп пенде -
жақсы көрем, жек көрем,
орташалар жоқ менде.
Талабым сол баршаға,
кетем онсыз қол сілтеп:
кісі өлтіріп алса да,
шынын айтып келсін тек.
Басымды ойлап жүдемен,
өзгешелеу тұлғамды ұқ.
Досым үшін жіберем
ғұмырымды құрбан ғып.
Қиын-қыстау шақтағы
жеңбей өмір қыспағын,
ниетімді сатқаны -
мәңгілікке дұшпаным.
Мені емдейтін дәрі кем,
қыңыр дей бер сен мейлің.
Жалғандықтың бәрімен
келісімге келмеймін!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
фариза оңғарсынова Білмейсің бе қарағым өлең стихи на казахском фариза онгарсынова казакша олен, фариза оңғарсынова өлеңдері сайты, стихи на казахском языке фариза онгарсынова, фариза онгарсынова олендери, фариза оңғарсынова өлеңі, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза оңғарсынова өлеңдер, фариза онгарсынова стихи, фариза онгарсынова стихи на казахском языке, фариза унгарсынова стихи на казахском, Білмейсің бе, қарағым, Білмейсің бе қарағым

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]