Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Білемін)

Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Білемін)

Білемін:
сүйем сүйсем әйтеуір құлап-талып,
дүниенің барлығы жырақ қалып.
Сені мен мен түсінер жай туралы
көргенім жоқ ешкімге сыр ақтарып.
Сені аңсаймын көзімнен жас ағыла,
көбейді ғой бұл күнде шаш ағы да:
Сыр ашпаймын еш жанға. Шағынғанда
біреу сенің орныңды басады ма...
Сезім қолдан ешқашан жасалмайды,
жасағандар ұзаққа аса алмайды,
не алдасып бір-бірін күн кешеді,
мен ондайға көнбесім қашанда әйгі.
Мен сондаймын.
Сүйсем егер, ғұмырлық сүйіп кетем.
Жұртқа менің жүрегім - тұйық мекен.
Аласарсам, ешкімге ұқсамайтын
сезіміммен көңілді биіктетем.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
фариза оңғарсынова Білемін өлең стихи на казахском фариза онгарсынова казакша олен, фариза оңғарсынова өлеңдері сайты, стихи на казахском языке фариза онгарсынова, фариза онгарсынова олендери, фариза оңғарсынова өлеңі, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза оңғарсынова өлеңдер, фариза онгарсынова стихи, фариза онгарсынова стихи на казахском языке, фариза унгарсынова стихи на казахском, Білемін

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]