Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Мен сонда жылап қалғам)
Мен сонда жылап қалғам.
Сен сезбедің. Кетті ұшып жыраққа арман.
Мұның бәрі неліктен? Білесің сен -
өзіңді ұнатқаннан;
сосын, сосын жүргеннен ұмыта алмай
алып-ұшып жеткенде жырақтардан
кездеріңді алдымда құлап-талған;
өліп-өшіп өртенген кезеңдерің,
сосын... түк болмағандай безергенің -
осыларға түсінбей мұң ақтарғам,
басым қатып шешілмес сұрақтардан.
Сезіміңнің мұншалық жалғандығы,
сен үшін бір сәт екен арман құны.
.. .Мен сонда жылап қалғам
өзіңді жек көргеннен және де... ұнатқаннан.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Тыңдашы, жан досым-ай)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Көгалды алаң)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Өзіңді жерлеп келіп, жапа-жалғыз отырмын)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Мен қорқамын)
» Өлең: Фариза Оңғарсынова (Ғұмыры бітпес үйдегі)

Іздеп көріңіз: