Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Сағына түссін дедің бе)
Жүректі тербеп бал сезім,
қоштастым сонда дірілдеп.
Аузымнан шықпай бар сөзім,
ішімнен тұрдым "күнім" деп.
Жанарың сенің қадалған
жаныма күн боп нұр септі.
Жиналған мынау жарандар
қарамай бізге тұрса етті...
Кеттің ғой сонда көп күнге,
қолымды неге қыспадың?
Тіледім самолеттің де
кешігіп барып ұшқанын.
Несіне тіктің көзіңді
сүйілмей қалған ерінге...
Сарғая күтіп өзіңді,
сағына түссін дедің бе?
қоштастым сонда дірілдеп.
Аузымнан шықпай бар сөзім,
ішімнен тұрдым "күнім" деп.
Жанарың сенің қадалған
жаныма күн боп нұр септі.
Жиналған мынау жарандар
қарамай бізге тұрса етті...
Кеттің ғой сонда көп күнге,
қолымды неге қыспадың?
Тіледім самолеттің де
кешігіп барып ұшқанын.
Несіне тіктің көзіңді
сүйілмей қалған ерінге...
Сарғая күтіп өзіңді,
сағына түссін дедің бе?
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Бір сезім жанарыңда елжіреген)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Мен сонда жылап қалғам)
» Қазақша өлең: Әбіш Кекілбайұлы («Аға!» - дедің, бұрылдым)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Телефон шыр етеді)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Жанталасып мені шын ұмытсам деп жүрсің сен)

Іздеп көріңіз: