Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Телефон шыр етеді)
Телефон шыр етеді:
сонда менің жүрегім дір етеді,
көйлегімнің желбіреп гүл етегі
жүгіремін. Не пайда, сен емессің.
Тек қиялдау көңілді жүдетеді.
Кешке дейін неше рет дірілдетіп,
мәнсіз, әрсіз, алаңмен күн өтеді.
Телефон, шыңғырсаң да,
көтермеймін енді мен - қылғын, сарна!
Жүрегіме тыныштық бермей қойды-ау,
төбесінен бір қойып сындырсам ба?!
Әне тағы... сені ме!
Қоңыр дауыс!
Трубканы сүйіп мен тұрдым сонда.
сонда менің жүрегім дір етеді,
көйлегімнің желбіреп гүл етегі
жүгіремін. Не пайда, сен емессің.
Тек қиялдау көңілді жүдетеді.
Кешке дейін неше рет дірілдетіп,
мәнсіз, әрсіз, алаңмен күн өтеді.
Телефон, шыңғырсаң да,
көтермеймін енді мен - қылғын, сарна!
Жүрегіме тыныштық бермей қойды-ау,
төбесінен бір қойып сындырсам ба?!
Әне тағы... сені ме!
Қоңыр дауыс!
Трубканы сүйіп мен тұрдым сонда.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Кеттің. Енді жаныма жанашыр кім?)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Көрінбей кетсең, сені мен)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Өзіңменен жүрегім егіз менің)
» Өлең: Фариза Оңғарсынова (Кетпейсің ұшып сен неге)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Сағына түссін дедің бе)

Іздеп көріңіз: