Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Мен жалындап өтемін)

Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Мен жалындап өтемін)

Мен жалындап өтемін
қариялардың қимайтын жас шағы болып,
балапандардың талпынар асқары болып,
ару қыздардың аңсаған арманы болып,
асқақ жандардың алаулы таңдары болып;
жиырмада жесір қалғанның аңсары болып,
сүйіскендерге көз ілер таңсәрі болып...
Мендегі арынды екпінге
дауыл көрмеген
бишара жандар жатсын бір тамсанып өліп.
Мен келемін өтсем деп армандарды асып,
алаулы жаным арайлы таңдарға ғашық.
Жаныма серік болуға жарай алмайды
жүйрік жылдарға ілеспей қалғандар жасып.
Мен талпынбаймын
топастықпенен күн көрер тыныш тұғырға,
арам ойлармен сақтаман қылышты қында.
Жырларымды оқып құлшынсын оты бар жандар
уақытпен бірге өлмейтін бір іс қылуға.
Жүрмесе болды адамдар
тұлғамды менің шатасып басқаға таңып,
жасықтар жүрсін, кездессе, жасқана қалып.
Несіне жүрем әйтпесе қара жерде мен
жиырмасыншы ғасырдың жас шағы атанып!...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
фариза оңғарсынова Мен жалындап өтемін өлең стихи на казахском фариза онгарсынова казакша олен, фариза оңғарсынова өлеңдері сайты, стихи на казахском языке фариза онгарсынова, фариза онгарсынова олендери, фариза оңғарсынова өлеңі, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза оңғарсынова өлеңдер, фариза онгарсынова стихи, фариза онгарсынова стихи на казахском языке, фариза унгарсынова стихи на казахском, Мен жалындап өтемін

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]