Қазақша өлең: Абыл Тілеуұлы (Біреу бар...)

Қазақша өлең: Абыл Тілеуұлы (Біреу бар...)

Біреу бар жоқшылықтан өле алмайды,
Біреу бар аяқ басып жүре алмайды.
Біреу бар буаз аққу сияқтанып,
Назданып аяқ-басын бүге алмайды.
Сұлу бар бидай өңді, кылымсыған,
Еркелеп, сөйлей алмай, ыңырсыған.
Арадан айлар өтіп көргеніңде,
Дәт көңіл шыдай алмай, тыпыршыған.
Ақ маңдай, ителгі көз, алма мойын,
Қанды бет, жазық маңдай, ыссы қойын,
Алыстан ат арытып келгеніңде,
Балқиды қорғасындай тұла бойың.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
абыл тілеуұлы Біреу бар... өлең стихи на казахском абыл тилеуулы казакша олен, абыл тілеуұлы өлеңдері сайты, стихи на казахском языке абыл тилеуулы, абыл тилеуулы олендери, Біреу бар..., абыл тілеуұлы өлеңдері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]