Қазақша өлең: Абыл Тілеуұлы (Басында миуа ағаштың сайрар бұлбұл)

Қазақша өлең: Абыл Тілеуұлы (Басында миуа ағаштың сайрар бұлбұл)

Ау, тақсыр, алған жарың жақсы болса,
Көңіліңді дүниеде бір қалдырмас.
Басында миуа ағаштың сайрар бұлбұл,
Жігіттік - өтер, кетер бір қызыл гүл.
Қусаң да қос ат алып бір шалдырмас,
Қамшылап Әбу жылан мінсең дүлдүл.
Қусаң да қос ат алып бір шалдырмас,
Алтайы беріктен қашқан итке алдырмас.
Ау, тақсыр, алған жарың жақсы болса,
Көңіліңді дүниеде бір қалдырмас.
Алғаның жаман болса, басың күтпес,
Кей пенде, Тәңір салса, тастап кетпес.
Жігіттер, болсаң тату, жақсымен бол
Дүниенің асылындай баға жетпес.
Ел болмас мақтаса да кісі еліндей,
Жіп тұсау - жаман жолдас - кісеніңдей.
Қанша жақсы десең де соңғы жолдас,
Бола алмайды әуелгінің мүшеліндей.
Ханымды сен айтасың келіншек деп,
Ханды ханым айтпағай еріншек деп.
Тіліңді халқың алса да, қатының алмас,
Бұзаудай ноқта тартқан шегіншектеп.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
абыл тілеуұлы Басында миуа ағаштың сайрар бұлбұл өлең стихи на казахском абыл тилеуулы казакша олен, абыл тілеуұлы өлеңдері сайты, стихи на казахском языке абыл тилеуулы, абыл тилеуулы олендери, Басында миуа ағаштың сайрар бұлбұл

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]