Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Әкеге тілек 63 жас)

Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Әкеге тілек 63 жас)

Ұл-қызының сезінумен арманын,
Ойлайтұғын әке асқар тау жан-жағын.
Қуанышпен құттықтаймыз бүгін біз
Әкеміздің 63-ке толғанын.

Әрбір белес, әрбір асу, ол - бір із,
Қашанда да жақсылыққа сендіңіз.
Өмір жолда бізге өнеге, үлгі боп,
Міне, Сіз де 63-ке келдіңіз.

Жүрді ме өмір перзенттерге алаң ғып,
Бір біз үшін әр кезде, Әке, бағаң нық.
Сан жолдарды көрсетті ме сізге ыстық -
Темір тұлпар тізгіндеткен мамандық.

Ақтара алсақ ақ тілектің сандығын,
Шаттық ойнап атсыншы аппақ таң бүгін.
Құтты болсын, Әке, туған күніңіз,
Тілейміз біз жан мен тәннің саулығын!

Өткен шақтан қалды сізге бүгін із,
Сәтті күндер болсын әрбір күніңіз.
Балалардың қызықтарын қызықтап,
Ортамызда аман-есен жүріңіз!

Ұға алғанбыз әке асқар тау еңбегін,
Болмасыншы отбасында, елде мұң.
Қуанышпен құттықтаймыз бүгін біз
Әкеміздің 63-ке келгенін.

Биік, Әке, сіздің бізге бағаңыз,
Әр белестен, әр асудан қалады із.
Құттықтайды бүгін Сізді ұлыңыз,
Қос қызыңыз және күйеу балаңыз.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ғабиден қожахмет Әкеге тілек өлең олен стихи на казахском габиден кожахмет, габиден кожахмет өлең олен стихи на казахском, габиден кожахмет олендери, ғабиден қожахмет өлеңдері, Әкеге тілек, акеге тилек туган кун, акеге олен жолдары, акеге арналган туган кунге тилек, акеге арналган олендер текст, әкеге арналған тілектер өлең, әкеге арналған өлең жолдары, әкеге арналған өлең шумақтары, әке өлеңдер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]