Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Әкеге балаларының тілегі)

Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Әкеге балаларының тілегі)

Қорғаштап өмір дейтін сында бізді,
Жүрдіңіз еңкейтпестен тұлғаңызды.
Әкетай, дейміз сізге жүз жасаңыз,
Ақ тілек тағыңыз да жырдан ізгі!

Өмірде талай асу алынғаны,
Бақыттың оты бізге жағылғаны -
Бір Сіздің еңбегіңіз екен, Әке,
Бүгінде ойлап тұрсақ - соның бәрі.

Біз үшін өткен талай жылдарыңыз,
Жатыр ғой сол өмірде тұлғалы із.
Әкелік мектебіңізден тәлім алған
Бұл күнде өзі де әке ұлдарыңыз.

Өсті ұрпақ, соңыңыздан жетілді із,
"Ата!" - деп айдарлы ұл, кекілді қыз.
Сонда да бұтақ жайған ұл-қызыңа
Әлі де қатал ұстаз секілдісіз.

Өмірде беріп бізге тағылым із,
Үйреткен аз болды ма тәліміңіз.
Жетсек те жетістікке, алдыңызда
Баладай боп тұрамыз бәрібір біз.

Өмірде үлгіміз де бір Сіз, Әке,
Перзентке таусылмайтын жырсыз, Әке.
Сол тұлға, сол мінезден аласармай
Біздерге тәлім болып жүрсіз, Әке.

Әлі де биік болсын жұлдызыңыз -
Арналған перзенттерден жыр-гүліміз.
Жүріңіз аман-есен ортамызда,
Тілейді соны бүгін ұл-қызыңыз!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ғабиден қожахмет Әкеге балаларының тілегі өлең олен стихи на казахском габиден кожахмет, габиден кожахмет өлең олен стихи на казахском, габиден кожахмет олендери, ғабиден қожахмет өлеңдері, Әкеге балаларының тілегі, ғабиден қожахмет Әке-Ана өлең олен стихи на казахском габиден кожахмет, Әке-Ана, Әке-Анаға ұлдың тілегі, акеге тилек туган кунге, акеге өлең, әкеге өлең, анаға өлең шумақтар, анага олен жолдары

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]