Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Жеңеше)

Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Жеңеше)

Әсимаға

Ауылдың сол бір-кезі-ай самала күн.
Жасаңмын, көңілім шат. Дала жаным.
Бетіме шаң тигізбей жүруші еді
қырандай қайран менің ағаларым.

Бұл өмір өтеді екен тәтті мұңдай,
сол жылдар бүгін бізге жат ғұмырдай.
Ең алғаш ағам сізді әкелгенде
көркем ең айдын көлдің аққуындай!

Атамыз біздің елдің көсемі еді,
дес бермес көркем сөзге шешен еді.
Атаға жаққан келін өзің болдың
көңілін табу қиын десе де елі.

Алтынды ұстай білсең биік, қымбат,
өзіңді аялады ел сүйіп, бұлдап.
Талғампаз Әз-атам да отыратын
сен тартқан "Байжұманы" ұйып тыңдап.

Ақылды келін — үйдің күні күлген,
от басын жарқыратар нұры бірден.
Алғысын алдың ауыл қарттарының
ісіңмен, ізетіңмен, қылығыңмен.

Шерткенде домбыраны сіз бір дарын,
ақ көңіл, жарқыраған жұлдыз жаның,
ошағын ағамыздың өшірмедің
жеткізіп алтын тұяқ ұл-қыздарын.

"Жеңеше, қойшы маған ғажап ат!"— деп,
кешірдің, еркелесек мазалап кеп.
Ұлыңды ел таниды бұл күндері
халқына тірек болар азамат деп.

Жеңеше, шалқи берсін бақ талабың,
өзіңе жетсін алыс жақтан әнім.
Ай көрік жеңгелерім осындай деп
мен жұртқа мақтанамын!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
фариза оңғарсынова Жеңеше өлең стихи на казахском фариза онгарсынова казакша олен, фариза оңғарсынова өлеңдері сайты, стихи на казахском языке фариза онгарсынова, фариза онгарсынова олендери, фариза оңғарсынова өлеңі, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза оңғарсынова өлеңдер, фариза онгарсынова стихи, фариза онгарсынова стихи на казахском языке, фариза унгарсынова стихи на казахском, Жеңеше, женге туралы олендер, женеше туралы олендер, жеңеше туралы өлеңдер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]