Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Ән құдіреті)
Нұрғалиға
Жаның бір күміс үнге тамсанғанда,
балбырап бөленесің қанша арманға!
Бар дүние бұлбұл болып сайрайтындай
Нұрғали ән салғанда!
Нұрғали ән салғанда:
жұрт райлы,
көздерден күн-мейірім жылтырайды,
ананың ақ құшағын сезіндіріп,
даланың жусан иісі бұрқырайды.
Сезінбей уақыттың түс, екіндісін,
жаныңа түк еместей не түрлі сын.
Нұрғали ән салғанда, көңілің өсіп,
ешқашан қартаймайтын секілдісің.
Әр жасы құтты болғай ғажап ұлдың,
думаны тарқамасын базарымның,
әнің де, сәнің осы жас күйіңде
жасай бер, Нұрғалиы қазағымның!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Көңілің ауасындай тымық қырдың)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Мен өзімнің жауларымды өле қал деп ешқашан қарғамаймын)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Жылу)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Қараңғы түндердің шапағаты)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Дүние бос қалды ғой сен кеткелі)

Іздеп көріңіз: