Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Ән құдіреті)

Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Ән құдіреті)

Нұрғалиға

Жаның бір күміс үнге тамсанғанда,
балбырап бөленесің қанша арманға!
Бар дүние бұлбұл болып сайрайтындай
Нұрғали ән салғанда!

Нұрғали ән салғанда:
жұрт райлы,
көздерден күн-мейірім жылтырайды,
ананың ақ құшағын сезіндіріп,
даланың жусан иісі бұрқырайды.

Сезінбей уақыттың түс, екіндісін,
жаныңа түк еместей не түрлі сын.
Нұрғали ән салғанда, көңілің өсіп,
ешқашан қартаймайтын секілдісің.

Әр жасы құтты болғай ғажап ұлдың,
думаны тарқамасын базарымның,
әнің де, сәнің осы жас күйіңде
жасай бер, Нұрғалиы қазағымның!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
фариза оңғарсынова Ән құдіреті өлең стихи на казахском фариза онгарсынова казакша олен, фариза оңғарсынова өлеңдері сайты, стихи на казахском языке фариза онгарсынова, фариза онгарсынова олендери, фариза оңғарсынова өлеңі, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза оңғарсынова өлеңдер, фариза онгарсынова стихи, фариза онгарсынова стихи на казахском языке, фариза унгарсынова стихи на казахском, Ән құдіреті

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]