Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Сүйген - сұлу)
Сенің көзің көк те емес, қара да емес -
қой көзді деп атайды мұндайларды.
Ол көздердің оты да ғажап емес,
бірақ маған сол жанар нұрдай мәңгі.
Сенің көркің ерекше емес, тегі,
(дәрі боп па қыздарға сарылығың!)
Бірақ маған "керім" боп елестедің,
саған ғана табынды бар ұғымым.
Мен үшін сен - бәрісің тіршіліктің,
жаным ұйып тек саған сыр ағыттым.
Осы екен ғой, мен жаңа бір сыр ұқтым,
"Сүйген - сұлу" дейтіні бұ халықтың.
қой көзді деп атайды мұндайларды.
Ол көздердің оты да ғажап емес,
бірақ маған сол жанар нұрдай мәңгі.
Сенің көркің ерекше емес, тегі,
(дәрі боп па қыздарға сарылығың!)
Бірақ маған "керім" боп елестедің,
саған ғана табынды бар ұғымым.
Мен үшін сен - бәрісің тіршіліктің,
жаным ұйып тек саған сыр ағыттым.
Осы екен ғой, мен жаңа бір сыр ұқтым,
"Сүйген - сұлу" дейтіні бұ халықтың.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Әйелге деген махаббат)
» Өлең: Фариза Оңғарсынова (Мен саған ғашық емес ем)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Табылмай бір керім жігіт)
» Өлең: Әліпов Айтбек Рымбекұлы (Нұрлы сезім)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Қай жерде отырса да қарлығашың)

Іздеп көріңіз: