Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Бір сезім жанарыңда елжіреген)
Бір сезім жанарыңда елжіреген
жанымды тұңғыш рет дір еткізді.
Басармын сол дірілді енді немен
бір арман кернегендей жүректі ізгі.
Жаныма жақын тартып барады үнің,
сені айтып сыбырлайды терек, емен.
Еркелеп асыр салған балалығым
алыстап бара жатыр неге менен?
Ұйқымды шайдай ашып ұзақ түнде,
елесің көлбеңдейді неге сенің?
Ойыма сөздеріңді жүз ап күнге,
күбірлеп қиялыммен кеңесемін.
Сыланам. Жиіледі шашты да өру.
Жанымды жайлап алдың, санамды ұрлап.
Қайғы ма, қуаныш па жақсы көру
баласын бөтен үйдің?
Маған жұмбақ.
жанымды тұңғыш рет дір еткізді.
Басармын сол дірілді енді немен
бір арман кернегендей жүректі ізгі.
Жаныма жақын тартып барады үнің,
сені айтып сыбырлайды терек, емен.
Еркелеп асыр салған балалығым
алыстап бара жатыр неге менен?
Ұйқымды шайдай ашып ұзақ түнде,
елесің көлбеңдейді неге сенің?
Ойыма сөздеріңді жүз ап күнге,
күбірлеп қиялыммен кеңесемін.
Сыланам. Жиіледі шашты да өру.
Жанымды жайлап алдың, санамды ұрлап.
Қайғы ма, қуаныш па жақсы көру
баласын бөтен үйдің?
Маған жұмбақ.
1958
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Сағына түссін дедің бе)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Дей алмаймын "жиынның жұлдызымын")
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Көрінбей кетсең, сені мен)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Екеу-ақпыз. Отырмыз тіл қатыспай)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Шаттық қайда, ән қайда аласұрған)

Іздеп көріңіз: