Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Өзіңменен жүрегім егіз менің)

Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Өзіңменен жүрегім егіз менің)

Өзіңменен жүрегім егіз менің,
түндер бойы қарманып сені іздедім -
жоқсың. Сонда еске алдым қимастықты
тағдырдың желі үзгенін.
Түндер қандай үрейлі жалғыз жанға,
қалғандаймын күздегі таңғы ызғарда.
Көзім жұмсам, шошытып сұсты елестер,
тылсым ба, жар, құздар ма...
Мазақтайды тағдырдың түні, желі,
көкірегім ызадан тілінеді.
Шыр еткендей қоңырау - сонда есікке
жүрегім жүгіреді.
Жүгіреді. Қайтадан басылады -
естілмейді ешкімге жасы, зары.
Тағдырымның дауылы азынап тұр -
бұл әлде басы ма әлі?..
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
фариза оңғарсынова Өзіңменен жүрегім егіз менің өлең стихи на казахском фариза онгарсынова казакша олен, фариза оңғарсынова өлеңдері сайты, стихи на казахском языке фариза онгарсынова, фариза онгарсынова олендери, фариза оңғарсынова өлеңі, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза оңғарсынова өлеңдер, фариза онгарсынова стихи, фариза онгарсынова стихи на казахском языке, фариза унгарсынова стихи на казахском, Өзіңменен жүрегім егіз менің

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]