Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Екеу-ақпыз. Отырмыз тіл қатыспай)

Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Екеу-ақпыз. Отырмыз тіл қатыспай)

Екеу-ақпыз. Отырмыз тіл қатыспай.
Сен Күншығыс, мен бейне Күнбатыстай.
Бұл үнсіздік қанша күн өмір сүрмек,
жүруші ек қой қайғы да, мұң да құшпай.
Неге, неге осынша алыстадық,
өліп-өшкен жүректі жаныштадық?
Сен отырсың жігіттік өрлігіңмен
иілуге алдымда намыстанып.
Менде ме деп бар кінә, мұңға баттым,
құптамаппын бас иіп, тыңдамаппын.
Көтергендей аспанды мен де отырмын,
нәзік жыныстығымды бұлдап-ақ тым.
Қойшы, жаным, пайда не бұдан ұтқан,
жүдеу тартты дүние, құлазып маң.
Біз екеуіміз "сыймаймыз", несіне онда
татулықты күтеміз мына жұрттан...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
фариза оңғарсынова Екеу-ақпыз. Отырмыз тіл қатыспай өлең стихи на казахском фариза онгарсынова казакша олен, фариза оңғарсынова өлеңдері сайты, стихи на казахском языке фариза онгарсынова, фариза онгарсынова олендери, фариза оңғарсынова өлеңі, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза оңғарсынова өлеңдер, фариза онгарсынова стихи, фариза онгарсынова стихи на казахском языке, фариза унгарсынова стихи на казахском, Екеу-ақпыз. Отырмыз тіл қатыспай

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]