Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Азамат)
Өмірғалиға
Жүзі қоңыр болғанмен,
аппақ оның жүрегі,
күлсе шындап күледі,
ал, күрсінсе — түн еді.
Шындық пенен әділдік –
оның жалғыз тілегі,
қиындықты көрсе де,
мұқалмаған жігері,
жұқармаған білегі.
Біздің елде осындай
бір азамат бар бүгін:
дау-шарларға қосылмай,
адал жанның барлығын
қастерлейді досындай.
Жайлайды оның жанын мұң
ел туралы қоршап ой.
Әттең, бауырларымның
бәрі сондай болса ғой…
Жалтақтықпен жауласар,
арамзамен арбасар
елге осындай ер керек!
Кім дейсің бе?
Ол біздің
Өмірғали Кенжебек!
Жүзі қоңыр болғанмен,
аппақ оның жүрегі,
күлсе шындап күледі,
ал, күрсінсе — түн еді.
Шындық пенен әділдік –
оның жалғыз тілегі,
қиындықты көрсе де,
мұқалмаған жігері,
жұқармаған білегі.
Біздің елде осындай
бір азамат бар бүгін:
дау-шарларға қосылмай,
адал жанның барлығын
қастерлейді досындай.
Жайлайды оның жанын мұң
ел туралы қоршап ой.
Әттең, бауырларымның
бәрі сондай болса ғой…
Жалтақтықпен жауласар,
арамзамен арбасар
елге осындай ер керек!
Кім дейсің бе?
Ол біздің
Өмірғали Кенжебек!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Мен оның құшағында)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Ананың тілегі)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Шырқайын - сазды сырнай досым қайда?!)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Қай жерде отырса да қарлығашың)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Телефоны құрғырың үндемеді)

Іздеп көріңіз: