Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Жанымда жүрші)
Жанымда жүрші
аласармайтын армандай асқар тауым боп,
шілдедегі аппақ жауын боп.
Сенімен жүрсем -
мынау жалғанда мен көтермейтін ауыр жоқ,
бет қаратпайтын дауыл жоқ.
Сенсіз күндерім;
бұлыңғыр күнгі көңілсіз күңгірт екенді.
Сезбей-ақ күннің шуақ сәулесін,
жұпар самалды не түнгі,
өмір кешетін сонда да мәз боп өкінбей
ойсыз байғұстар секілді...
Жанымда жүрші
көңілімнің арай рауандап атқан таңы боп,
кіршік шалмаған менің әжемнің ары боп.
Күйдіре түсетін өзімшіл мына жүректі
сендегі сөнбес жалын от.
Әйтеуір, осы тірлік дегеннің мен үшін
өзіңсіз ешбір мәні жоқ.
аласармайтын армандай асқар тауым боп,
шілдедегі аппақ жауын боп.
Сенімен жүрсем -
мынау жалғанда мен көтермейтін ауыр жоқ,
бет қаратпайтын дауыл жоқ.
Сенсіз күндерім;
бұлыңғыр күнгі көңілсіз күңгірт екенді.
Сезбей-ақ күннің шуақ сәулесін,
жұпар самалды не түнгі,
өмір кешетін сонда да мәз боп өкінбей
ойсыз байғұстар секілді...
Жанымда жүрші
көңілімнің арай рауандап атқан таңы боп,
кіршік шалмаған менің әжемнің ары боп.
Күйдіре түсетін өзімшіл мына жүректі
сендегі сөнбес жалын от.
Әйтеуір, осы тірлік дегеннің мен үшін
өзіңсіз ешбір мәні жоқ.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: