Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Жанарлардың жалтынан ұғысатын)
Жанарлардың жалтынан ұғысатын,
қол ұстасып өтуге тырысатын.
Ой-арманның барлығын бөлісетін,
күн өткенде сағынып көрісетін;
тек екеуіміз жүріп-ақ шаттанатын,
көңілдерді бүкпесіз ақтаратын.
Қол ұстасып таңдарды қарсы алатын,
дүниені думан қып ән салатын,
бір қайғыға өртеніп жыласатын,
ақтарылып оңаша сыр ашатын;
күрсінумен бітер деп ойламаған
(ештеңені ұқпайды тойған адам),
отты күндер. Кейде мен ойға қалам:
мүлдем жат қой қасірет, ойлар оған.
Құлай сеніп, алдансаң - азап, тегі,
сосын кешіре алмасаң наз-өкпені...
Күрсіністік. Қимадық. Кешірмедік.
Мүмкін бұл да біз үшін қажет пе еді...
қол ұстасып өтуге тырысатын.
Ой-арманның барлығын бөлісетін,
күн өткенде сағынып көрісетін;
тек екеуіміз жүріп-ақ шаттанатын,
көңілдерді бүкпесіз ақтаратын.
Қол ұстасып таңдарды қарсы алатын,
дүниені думан қып ән салатын,
бір қайғыға өртеніп жыласатын,
ақтарылып оңаша сыр ашатын;
күрсінумен бітер деп ойламаған
(ештеңені ұқпайды тойған адам),
отты күндер. Кейде мен ойға қалам:
мүлдем жат қой қасірет, ойлар оған.
Құлай сеніп, алдансаң - азап, тегі,
сосын кешіре алмасаң наз-өкпені...
Күрсіністік. Қимадық. Кешірмедік.
Мүмкін бұл да біз үшін қажет пе еді...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Мен қорқамын)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Сағынып оралар ма ем)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Өзіңе өкпелегенім - мұңданып төккен өлеңім)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Көрінбей кетсең, сені мен)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Қателескен екенмін. Бір-ақ рет)

Іздеп көріңіз: