Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Келе жатам әрі мұңды, әрі асқақ - сезсең мені)

Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Келе жатам әрі мұңды, әрі асқақ - сезсең мені)

Келе жатам
әрі мұңды, әрі асқақ - сезсең мені,
елемей еш пендені,
көлгірсіген шуылдақ жұрттың бәрін
қойдай көріп жайылған тепсеңдегі.
Қалған сәтте кездейсоқ ұшырасып
бозарып түсі қашып,
қипалақтап қалады бейшаралар,
менің адалдығымның пысы басып.
Ай жерге құлағандай
аузын жимай қарайды бәрі маған
(дей ме әлде "жарым" адам?!).
Өйткені олар ешқашан ғұмырында
шыншылдыққа, шындыққа жарымаған.
Сиректеу құбылысқа
көзі үйреніп көрмеген дарқан халық
үрпиісіп қарайды сәл таңданып.
.. .Тек өзіңнің алдында (сенің ғана!)
балаға ұқсап қаламын жаутаң қағып.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
фариза оңғарсынова Келе жатам әрі мұңды әрі асқақ - сезсең мені өлең стихи на казахском фариза онгарсынова казакша олен, фариза оңғарсынова өлеңдері сайты, стихи на казахском языке фариза онгарсынова, фариза онгарсынова олендери, фариза оңғарсынова өлеңі, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза оңғарсынова өлеңдер, фариза онгарсынова стихи, фариза онгарсынова стихи на казахском языке, фариза унгарсынова стихи на казахском, Келе жатам әрі мұңды әрі асқақ - сезсең мені

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]