Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Керегіп жүр жаныма басқа бір ән)

Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Керегіп жүр жаныма басқа бір ән)

Керегіп жүр жаныма басқа бір ән -
қайсарлыққа, өрлікке тастар ұран.
Маңыма ылғи біреулер жиналады
сезімін - сел, жүрегін жас қарыған.
Аспан ашық, болғанмен қала жарық,
жүрмесе де үйінде бала налып,
жазатайым біреуге жасын түссе,
қалады олар жырақта жараланып.
Алдарқатса мені арман үмітті ғып,
жүдейді олар қалғандай құрық сынып.
Сен ойыңа алмаған жайларыңды
жүргендері ішінен ұғып, біліп.
Ортақ етпей ешкімді мұң - жайыма,
жығылтуға тырыспай ыңғайыма
жүрсем де, азап, бейнетім менен гөрі
бататындай солардың шымбайына.
Өмір - нулы көл емес қаз жайлаған,
тірлігінен баз кеше жаздайды адам.
Қайғырғанды мен үшін көру қиын -
басқа азабы өмірдің аздай маған.
Жетер жолда шырқау көк - арманына
қырандардай қайырылмас жан қамына,
керегіп жүр маған да басқа бір ән
ұмтылыс пен от берер бар маңыма!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
фариза оңғарсынова Керегіп жүр жаныма басқа бір ән өлең стихи на казахском фариза онгарсынова казакша олен, фариза оңғарсынова өлеңдері сайты, стихи на казахском языке фариза онгарсынова, фариза онгарсынова олендери, фариза оңғарсынова өлеңі, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза оңғарсынова өлеңдер, фариза онгарсынова стихи, фариза онгарсынова стихи на казахском языке, фариза унгарсынова стихи на казахском, Керегіп жүр жаныма басқа бір ән

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]