Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Теңіз аласапыран)

Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Теңіз аласапыран)

Теңіз аласапыран
тұра қашып, көктегі жасқанды бұлт,
күркірейді жағада тас жаңғырып.
Дауыл құшқан толқындар өршелене
шапшиды аспанды ұрып.
Толқындарда толас жоқ,
байсалдылық бұрынғы былай қалып
(әлдекімді, әлде өзін сынайды анық),
арыстандай тордағы аласұрып,
құлайды шыр айналып.
Шыдатпайды теңіздің бұл сынағы,
құлағыңды шулатып тылсым әні.
Қалтылдаған желқайық жел өтінде
толқынға тұншығады.
Тыныштықпен күн кешпей жай жылымда,
белді буып ағысқа, қайғы-мұңға,
ақ желкен боп барамын тағдырымның
дауылды айдынында!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
фариза оңғарсынова Теңіз аласапыран өлең стихи на казахском фариза онгарсынова казакша олен, фариза оңғарсынова өлеңдері сайты, стихи на казахском языке фариза онгарсынова, фариза онгарсынова олендери, фариза оңғарсынова өлеңі, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза оңғарсынова өлеңдер, фариза онгарсынова стихи, фариза онгарсынова стихи на казахском языке, фариза унгарсынова стихи на казахском, Теңіз аласапыран

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]