Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Жанталасып мені шын ұмытсам деп жүрсің сен)
Жанталасып мені шын ұмытсам деп
жүрсің сен,
басқа жанмен жүректі жылытсам деп
жүрсің сен.
Жек көрсем деп қалайда талай іске ұрындың,
ұмыттырса екен деп өзгелерге тығылдың.
Көрмеймін деп мен оны өзіңді өзің сендірдің,
кінәлайсың, сонда да көкірегіңде мен жүрмін.
Біреулерді жаныңмен сүйген болып жүрсең де,
мені жоқтап жүрегің қайғы шегіп тұр сенде.
Шығара алмай бейнемді көңіліңнен, аһ ұрдың,
көрмей алыс жүрсең де, тек мен саған жақынмын.
Кімменен жүр, қайда бар, қаншама азап
шек мейлің -
жүрегіңнен бәрібір мен ешқашан кетпеймін!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Кеттің. Енді жаныма жанашыр кім?)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Сен мені күтпе ешқашан. Алаңдама)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Сен қайда жүрсің?)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Еш нәрсеге, ешкімге алаңдамай)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Өзімді жүрегіңнің есі қылдың)

Іздеп көріңіз: