Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Күнде үйге асығасың)

Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Күнде үйге асығасың)

Күнде үйге асығасың...
Түсінбес ата-ана ма -
несіне жасырасың,
айтып қой апаңа да.
Айт оған бір жас жігіт
сүйеді қызыңды деп.
Жарқылдап тұрмас күліп,
көрмесе жүзімді деп.
Керек-ақ мұны айтуың -
жан анам бар екенін.
"Алладан" сұрайтынын
тапса деп бала теңін.
Айтуға асық бүгін,
жүрме тек жоламай түк.
Бәрібір ғашықтығын
жанарың қояды айтып.
Жасырма сол кісіден,
жүр десең - мынау қалпым.
Бұл сәтті ол да ішінен
тілеген шығар, бәлкім.
Жүрсең де есімді алып, жүрдім тынып.
Жыл өтті.
Сонсоң сол кеш... күз кеші еді.
Қос жүрек бір бөлмеде мың бұлқынып,
бір-бірін іздеседі.
Өзің ең арман көлде бақ құрағым,
тіл қатпай, тұл бойыңдыкқезіп тұрмын.
Осы кеш бір дауылға тап қыларын
өзің де сезіп тұрдың.
Мен іштей бір сезіммен арпалыстым,
жаңарың жанарымда тұрып қалды.
Білмеймін қалай төндім... Тарта құштым,
содан соң дүниені ұмытқам-ды.
Жаным-ай, өзің бе бұл? Бармын ба мен?
Қанша күн бұл сәт жайлы өртеді үміт.
Кеудемді жанағанда балғын денең,
дуние кетті-ау деймін төңкеріліп.
Оралдым сонда үйге мен
мас болып бір бал сезімге.
Пақырлық екен сүймеген
жалындап түрған кезіңде.
Жүрегім - алау, от - дене,
бақыт нұр шашып жанарым.
Жерде ме әлде көкте ме,
әйтеуір, кетіп барамын.
Ән салып сонда жатты өңір,
әлемде күңгірт мұң қалмай.
Адамның бәрі ақкөңіл,
күлімдеп маған тұрғандай.
Сарғайған дала құлпырып,
көктем боп кеткен секілді,
самал боп өпті ынтығып
күз желі менің бетімді.
Келемін құшып таң нұрын,
білмеймін қайда, қай бағыт.
Кетсе де мейлі дәл бүгін
бақыттан басым айналып!
Мінезің қыңыр дейсің,
тағасың досыңа мін.
Білмедім бұрын дейсің,
қайтейін, осы - барым...
Демеймін періштемін,
көп шығар кемшілігім.
Келіс не келіспегін,
тек маған сенші, күнім.
Суынған кезім бар ма,
құшамын өліп-талып.
Осындай сезім барда
мінезден қорықпалық.
Ол - сенен, мұң жамасам,
сезбейсің қалай, күнім:
назданып бір қарасаң,
бар ашу тарайтынын.
Ең басты бір кемісім -
шығармын қызғаншақтау
(Жөн бе екен сүйгені үшін
көңілге ызғар сақтау.).
Сабыр қып төзбес пе едім,
сүйгеннен - ол да, сенсең:
еш мінез көрмес те едің,
сүйкімді болмасаң сен.
Жүрегім - гүл
сәулелі таңды құшқан.
Бұл күндері шалқар бір теңіздеймін.
Көп жандардың ішінен, әр бұрыштан
шыға келмес пе екен деп сені іздеймін.
Сені іздеймін,
(мен шағала, сен әлде шалқармысың?)
еш нәрсеге жанарым тұрақтамай.
Сенің мынау байқатпай тартар күшің
мені ылғи да осылай шыдатпағай.
Шыдатпағай,
шыр айналып ұшатын шағаладай.
Шашырасын бақыттың нұры өңімнен.
Сен жүргендс шалқиды дала қалай,
көрмегендей өгейлік бұл өмірден.
Бұл өмірден
өтейін сені іздеумен,
шыбын құрлы көрінбей белес-белі.
Қазір менің дауылды теңіз кеудем
сені көрмей тыншитын емес, тегі.
Бал сезім бөлеп жанымды,
лапылдап жүрген шақта бұл,
жасырма, жаным, барыңды,
алдымда менің ақтарыл
Түндерім өтті өртеніп,
Ойларым көзді ілдірмей.
Сендегі назды еркелік
байлады мені білдірмей.
Күңкілге толы күндізден
жаныма кейде мұң салам.
Адастырмайтын жұлдыз бе ең,
оралам кеште бір саған.
Тоқтатпай мені бақтағы үн,
жетуге саған асығам.
Сен болып сонда ақ таңым,
мұңым бір тарқап, ашылам.
Нұр құйған мұңды көңілге
сен болдың мағап Күн әлем.
Кездеспей кетсең өмірде,
қайтер ем сонда мына мен?..
Сен маған бақыттасың, қайғыдасың,
өмірсің, таусылмайтын бай мұрасың.
Өлермін сол сезіммен. Маған десе,
аспаннан қара жерге Ай құласын,
әйтеуір, анық менің айнымасым.
Сен маған күлкідесің, ашудасың,
ойым жоқ сенен өзге басымда, шын...
Мейлің сен не десең де...
Анық бірақ
өзгенің мойынына асылмасым,
өзіңді құшып-сүймей басылмасым.
Сен маған жасын болдың көктемдегі,
қақ жарған жүрегім мен от кеудені.
Бағым ба, қасіретім бе - кезіктірдім
бұрын-соң қиялымда жоқ пендені.
Сонан соң күйіп-жанып алауладым,
ұмыттым Ай, Күн барын, самал барын.
Әйтеуір, алай-түлей сол сезіммен
жаныма бір тыныштық таба алмадым.
Кезім жоқ сені ойламай көзімді ілген,
сені аңсап елжіредім, егілдім мен!
..Ырзамын тағдырыма сен арқылы
махаббат деген күшті сезіндірген.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
фариза-оңғарсынова-Күнде үйге асығасың өлең стихи на казахском фариза онгарсынова казакша олен, фариза оңғарсынова өлеңдері сайты, стихи на казахском языке фариза онгарсынова, фариза онгарсынова олендери, фариза оңғарсынова өлеңі, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза оңғарсынова өлеңдер, фариза онгарсынова стихи, фариза онгарсынова стихи на казахском языке, фариза унгарсынова стихи на казахском, Күнде үйге асығасың

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]