Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Сен мені күтпе ешқашан. Алаңдама)

Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Сен мені күтпе ешқашан. Алаңдама)

Сен мені күтпе ешқашан. Алаңдама.
Өзіңді айыптама, жамандама.
Жүрегің мен деп соқса,
басу үшін
бәрін де маған жама.
Мен соның барлығын да көтеремін.
Сені әзір аймаласын бөтен ерін,
бәрібір саған титтей тыным бермей,
ішіңді күйдіреді от өлеңім.
Сен мені басқаларға қорлап ем де,
тыншырмын көңіл қалып сонда мен де.
Мені ойлап жараланған жүрегіңді,
білсең де жазылмасын, зорлап емде!
Өзіңді, өзгені де алда солай
(көмілсін менде ертерек шаңға самай),
қаншама жанталасып тырысқанмен,
жүрегің мені аңсаудан қан-жосадай.
Мен жайлы мүңайма сен дара қалып
(әлі ұзақ қайғы болам саған анық!).
Ұқ бірақ: бірімізге атқан оқтан
қаламыз екеуіміз де жараланып.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
фариза оңғарсынова Сен мені күтпе ешқашан. Алаңдама өлең стихи на казахском фариза онгарсынова казакша олен, фариза оңғарсынова өлеңдері сайты, стихи на казахском языке фариза онгарсынова, фариза онгарсынова олендери, фариза оңғарсынова өлеңі, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза оңғарсынова өлеңдер, фариза онгарсынова стихи, фариза онгарсынова стихи на казахском языке, фариза унгарсынова стихи на казахском, Сен мені күтпе ешқашан. Алаңдама

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]