Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Өмірдің желе-жортағы)

Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Өмірдің желе-жортағы)

Өмірдің желе-жортағы
толтырып шаңмен қолқаны,
тілдегенменен ортаны,
адамның бәрі өлердей
жалғыз қалудан қорқады.
Тұрса да мәңгі шам жанып,
самайы терлеп, сандалып,
біреуді іздейді қарманып,
жалғыз қалғанда
сөнердей
дүниедегі бар жарық.
Жалғыздық бейне жаман бай,
қамшымен қақтап сабардай,
мысық пен итке адам бай,
жабырқау жалғыздығыңнан
құтқарып солар қалардай.
Талпындың, адам, қашанда
көппенен ғұмыр жасарға,
қаншама тыпырласаң да,
қолында қатқыл құрығы
серігің тұрар тасаңда.
Жан-жағың толы жас бала,
жақының, жарың, жақсы аға,
кенде еместейсің досқа да,
бәрібір, адам, құлсың сен
жалғыздық атты патшаға!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
фариза оңғарсынова Өмірдің желе-жортағы өлең стихи на казахском фариза онгарсынова казакша олен, фариза оңғарсынова өлеңдері сайты, стихи на казахском языке фариза онгарсынова, фариза онгарсынова олендери, фариза оңғарсынова өлеңі, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза оңғарсынова өлеңдер, фариза онгарсынова стихи, фариза онгарсынова стихи на казахском языке, фариза унгарсынова стихи на казахском, Өмірдің желе-жортағы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]