Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін)

Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін,
Ермек үшін, немесе өлмеу үшін.
Жазсам, жазам жырды мен, жасырмаймын,
Жаралы жүректерді емдеу үшін.
Ермек үшін белгілі жырламасым,
Ермек десе, ел мейлі тыңдамасын.
Өтсем болды арқалап адамдардың
Қуанышын, шаттығын, мұң-наласын.
Қуат алып Абайдың тіл-күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден.
Өлмеу үшін - құлқынды жемдеу үшін.
Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін.
«Жаздым үлгі жастарға бермек үшін»
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері сайты, стихи на казахском языке мукагали макатаев, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы, Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін, мен дагы олен жазбаймын ермек ушин, макатаев мукагали мен дагы олен жазбаймын ермек ушин

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]