Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Таудағы көктем)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Таудағы көктем)

Сай-саланы,
Аймалады,
Жоталардан жел есті.
Көк қарағай.
Көп баладай,
Күбір-күбір кеңесті.
Қасқа бұлақ,
Тастан құлап,
Бара жатыр шапқылап.
Шықылдаған,
Сыбырлаған,
Айқай жастар - саққұлақ.
Бір жүрекпен,
Дір-дір еткен,
Жасыл талдар - жас талдар.
Еміренген,
Тебіренген,
Ақбас Ата - асқарлар.
Күннен - бөркі,
Гүлден - көркі,
Тау - тамаша, тау - алып.
Қатпар басын,
Шатқал тасын,
Көрген сайын жаңалық.
Айналаңа,
Сайға қара,
Шыңға қара ақ маңдай.
Бала шағың,
Болашағың,
Көктеп келе жатқандай.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Таудағы көктем өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы, Таудағы көктем, Таудагы коктем, коктем туралы казакша олен, көктем туралы өлең, Көктем туралы қазақша өлең

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]