Қазақша өлең: Асан қайғы (Еділ бол да, Жайық бол)

Қазақша өлең: Асан қайғы (Еділ бол да, Жайық бол)

Еділ бол да, Жайық бол,
Ешкімменен ұрыспа.
Жолдасыңа жау тисе,
Жаныңды аяп тұрыспа.
Ердің құны болса да,
Алдыңа келіп қалған соң,
Қол қусырып барған соң,
Аса кеш те қоя бер,
Бұрынғыны қуыспа.
Ақың болса біреуде,
Айыбын тап та ала бер,
Ерегесіп ұрыспа.
Сенікі жөн болса да,
Атың шықпас дұрысқа.
Мінезі жаман адамға
Енді қайтып жуыспа.
Тәуір көрер кісіңмен
Жалған айтып суыспа.
Өлетұғын тай үшін,
Көшетұғын сай үшін,
Желке терің құрысып,
Әркімменен ұрыспа.
Ашу - дұспан, артынан
Түсіп кетсең қайтесің
Түбі терең қуысқа!..
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
асан қайғы Еділ бол да Жайық бол өлең стихи на казахском асан кайгы казакша олен, асан қайғы өлеңдері сайты, стихи на казахском языке асан кайгы, асан кайгы олендери, Еділ бол да Жайық бол, асан қайғы өлеңдері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]