Қазақша өлең: Ескендір Хасанғалиев (Әдемі-ау)

Қазақша өлең: Ескендір Хасанғалиев (Әдемі-ау)

Бұлбұл құс туған жерден гүл іздейді,
Күдерін құштарынан бір үзбейді.
Келесің гүл боп, еркем, көз алдыма,
Өзіңді мен іздемей кім іздейді!
Арына махаббаттың шырай керек,
Шын сүйген азабына шыдайды көп.
Ән айттым, арнап саған ұнай ма деп,
Әдемі-ау, мені сүйсең мұңайма тек.

Қайырмасы:

Арманымның нұры,
Ақындықтың сыры,
Жүрегімнің жыры, Әдемі-ау.
Көңілімнің сазы,
Өмірімнің назы,
Қайда жүрсің, Әдемі-ау.

Өзің ғой өміріме сән берген де,
Дүниеде саған ару тең келген бе?
Сәулем-ау сен келесің, көз алдыма,
Ақ қайың самал жермен тербелгенде.
Жас жаным сені аңсамай төзе алар ма?
Өзгелер сені мендей сезе алар ма?
Ақ толқын жағалауға асыққанда,
Айым-ау, сен келерсің көз алдыма!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ескендір хасанғалиев Әдемі-ау өлең ән андери андер песни стихи на казахском ескендир хасангалиев казакша олен, ескендір хасанғалиев әндер ән өлеңдері сайты, стихи песни на казахском языке ескендир хасангалиев, ескендир хасангалиев олендери андери, ескендир хасангалиев андери, ескендир хасангалиев песни на казахском языке, Әдемі-ау, адеми ау текст песни ескендир хасангалиев

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]