Қазақша өлең: Ескендір Хасанғалиев (Аңсағаным)

Қазақша өлең: Ескендір Хасанғалиев (Аңсағаным)

Айтшы, жаным қайда жүрсің, қайда?
Шақырады арман ару - май да.
Қызғалдақты көктемім боп жайна, аңсағаным.

Өзің деп білем -
Өмірімнің гүлі,
Асқарымда.
Өзің деп білем -
Көңілімнің күні,
Аспанымда.

Ақ дидарың ұқсап туған айға,
Келші, құрбым, құшағыңды жай да.
Жыр бағымда бұлбұлым боп сайра, аңсағаным.

"Асыл арман" деп шырқалады әнің,
Арманыңның сезіп жүрмін бәрін,
Арайлап атар алтын таңың, аңсағаны.

Өзің деп білем -
Өмірімнің гүлі,
Асқарымда.
Өзің деп білем -
Көңілімнің күйі,
Жас жанымда.

Ғашық сырын ұқпайсың ғой, жаным,
Кеудемде бір алаулайды жалын.
Бір өзіңе арналады әнім, аңсағаным.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ескендір хасанғалиев Аңсағаным өлең ән андери андер песни стихи на казахском ескендир хасангалиев казакша олен, ескендір хасанғалиев әндер ән өлеңдері сайты, стихи песни на казахском языке ескендир хасангалиев, ескендир хасангалиев олендери андери, ескендир хасангалиев андери, ескендир хасангалиев песни на казахском языке, Аңсағаным, ансаганым текст песни ескендир хасангалиев

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]