Қазақша өлең: Ескендір Хасанғалиев ("Ақ бидай" немесе "Жасай бер қазақ")
Ақ бидай – әнім, ақ бидай – дәнім,
Ақпейіл – халқым, ақпейіл – әр үй.
Еңбегі – шежіре, ерлігі – дастан,
Қазағым осы, дәулеті тасқан!
Дәм-тұзға толы дастарқан дала,
Күн сайын думан, күн сайын – жаңа ән.
Күмбірле күйдей көңілдің хошы,
Мерейі асқан қазағым – осы!
Қонағы келсе – құшағы ашық,
Дүшпанға – қатал, досына – ғашық.
Теңіздей терең, тасындай заңғар,
Қазағым, достар, – осындай жандар.
Әлемге айдай асырған даңқын,
Ұл-қызы әсем, жүздері жарқын.
Еңсесі биік, елдігі ғажап,
Жасыма, жайна, жасай бер, қазақ!
Ақпейіл – халқым, ақпейіл – әр үй.
Еңбегі – шежіре, ерлігі – дастан,
Қазағым осы, дәулеті тасқан!
Дәм-тұзға толы дастарқан дала,
Күн сайын думан, күн сайын – жаңа ән.
Күмбірле күйдей көңілдің хошы,
Мерейі асқан қазағым – осы!
Қонағы келсе – құшағы ашық,
Дүшпанға – қатал, досына – ғашық.
Теңіздей терең, тасындай заңғар,
Қазағым, достар, – осындай жандар.
Әлемге айдай асырған даңқын,
Ұл-қызы әсем, жүздері жарқын.
Еңсесі биік, елдігі ғажап,
Жасыма, жайна, жасай бер, қазақ!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: