Өлең: Қанат Дауылбаев (Намаз)

Өлең: Қанат Дауылбаев (Намаз)

Жүректе иман, болса толық сенім бек,
Намаз оқы, өміріңді жеңілдет.
Дұға қылып Құдайдан шын сұрасаң,
Қос әлемнің игілігі берілмек.

Айтылса азан таңсәріде ғажап үн,
Ұмытарсың дүниенің азабын.
Таң намазы несібеңді арттырып,
Құтпен ашар көңіліңнің ажарын.

Дандайсымай бәрін де өзім білем деп,
Нәпсіңді тый, күпірлікті жүгендеп.
Бес намазды уақытында қастерле,
Қаза қылмай уақытында түгендеп.

Ниет етіп, қасиетті жұмадан,
Мешітке кеп жұмылса егер мың адам,
Жамағатпен оқылған бұл намаздың,
Сауабы мол, арылтуға күнәдан.

Жаратқанның бізге парыз әз заңы,
Өтемесек, санамыздың азғаны.
Иман құйып жүрегіңе ниетпен,
Намаз оқу – құлшылықтың абзалы.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қанат дауылбаев Намаз өлең стихи на казахском канат даулбаев казакша олен, қанат дауылбаев өлеңдері сайты, стихи на казахском языке канат даулбаев, канат даулбаев олендери, Намаз, намаз туралы олен, намаз туралы өлеңдер, намаз туралы өлең, стихи на казахском языке про намаз, намаз туралы олендер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]