Қазақша өлең: Тоқтарәлі Таңжарық (Өртелген мешіт)

Қазақша өлең: Тоқтарәлі Таңжарық (Өртелген мешіт)

Бейуақта сөккен кім сенімімнің көбесін?
Үйі өртелді Алланың.
(Түсім емес, өңім бұл).
Жанарымда боталап жазулардың елесі,
Кірпігімнен ұшады құсқа айналып көгілдір.
...Тұншықтырып жанымды жанайқайым өзімнің,
Құмда қалған құлазып жолаушыдай сезіндім.

Мендік тағдыр жазылған «Тәңірхаттың» парағы,
Көз алдымда тұр әне, отқа оранып күп-күрең.
Қанат қағып Қиссалар қиялымның үстінен,
Әлсін әлі қағады қылқобыздың шанағын.
Жалқын оттың ішінде күрсінеді көлеңкем,
Шым-шытырық, қым-қиғаш елес торлап жанарын.
Өртке сүңгіп барамын...

...Батып бара жаттым бір қап-қараңғы түнекке,
Қалды артымда шұбалып иір-қиыр жалғыз із.
Таңғы азанның дауысы қалқып шығып жүректен,
Маңдайыма қадалды өртенген Ай алқызыл...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
тоқтарәлі таңжарық Өртелген мешіт өлең стихи на казахском токтарали танжарык казакша олен, тоқтарәлі таңжарық өлеңдері сайты, стихи на казахском языке токтарали танжарык, токтарали танжарык олендери, Өртелген мешіт, мешіт туралы өлеңдер, мешит туралы олен стих

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]